8 800 099 0099
үшін тегін қоңырау шалу
8 800 099 0099
Жабдықты орналастыру үшін тіреулердегі орындар (Unit), тұтас тіреулер және алаңдар сияқты түрлі варианттар мүмкін болып отыр. Жаңа қызмет жабдықтың жоғарғы физикалық және виртуалдық қорғанысын қамтамасыз етуге, тұрып қалуларды жоюға және Интернет желісі ресурстарының жоғарғы қолжетімділігін кепіл етуге мүмкіндік береді. Жаңа технологиялардың негізінде салынған «KazTransCom» дата-орталығы бейнебақылау, электр жабдықтау, кондициялау және өрт сөндіру заманауи жүйелерімен жабдықталған.
Клиенттер жаңа қызметтің іске қосылуының арқасында жабдықты және кез келген серверлік қосымшаларды KazTransCom жоғарғы технологиялық алаңына орналастыруға мүмкіндік алады. Физикалық сервердің орналастырылуынан басқа Интернет желісіне қолжеткізу де, статикалық IP-мекендерді алу да, домендік аттарды тіркеу және қолдау да мүмкін болады. «KazTransCom» АҚ дата-орталығының қызметтерін қолдана отырып, Сіз жеке меншік IT-инфрақұрылымын салуға және пайдалануға жіберілетін шығындарды азайта аласыз, сонымен қатар көшу жағдайында жабдықтың тұрып қалуынан құтыла аласыз.
KazTransCom компаниясы Cisco Systems желілік технологиясы саласында әлемдік көшбасшысының сертификатталған серіктесі болды және «Премьер» деңгейіне жетті. Cisco Premier Certified Partner дәрежесіне ие болғаннан кейін компания жүйелік интеграция, БҚ-ды, жабдықты және техникалық қолдауды жеткізу саласында Cisco талаптары мен стандарттарына толықтай сәйкес екендігін растады.
Біліктіліктің расталуы сәтті жұмыстың мойындалуы болып табылады және ол кез келген масштаб пен күрделіліктегі жобаларды әзірлеп, сүйемелдеуге қабілетті компанияларға беріледі. Штатта тек Cisco-ның шешімі бойынша арнайы дайындықтан өткен және барлық сертификациялық емтихандарды сәтті тапсырған жоғарғы білікті мамандардың бар болып табылған жағдайында ғана сертификатқа ие болу мүмкіндігі туындайды.
«Премьер» класындағы серіктестік деңгейі жоғарғы біліктілікті дәлелдейді, бұл «KazTransCom» АҚ-ның тапсырыс берушілеріне Cisco жабдығын таңдау, енгізу және техникалық қолдау бойынша жұмыстарды орындауда кәсіпкерлікті кепілдендіреді.
Аудиттің қорытындылары бойынша KazTransCom ISO/IEC 27001:2005 стандартына халықаралық сәйкестік сертификатын алды. Енгізілген жүйе ақпараттық ресурстардың құпиялығы мен тұтастығын қамтамасыз етудің арқасында басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық, жосықтық және техникалық құралдардан тұрады.
«KazTransCom» АҚ-ында ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің енгізілуі телекоммуникациялық қызметтердің тұтынушыларына жіберілетін және қабылданатын ақпарат құпиялығының сақталуында сенімділік береді. Ірі халықаралық сертификациялық органында аудиттен сәтті өтіп шығу бәсекелестікке қабілеттілігі мен қазақстандық компаниялардың әлемдік деңгейге сәйкестігі өсуінің айнымас көрсеткіші болып табылады.
Ірі байланыс операторы KazTransCom компаниясы қызметтің жаңа түрлерін көрсетуге кірісті. Компания телефония мен интернетті пайдалану мүмкіндіктерін кеңітетін IT-коммуникацияларын ұсынады.
Іске қосылып отырған жаңа қызмет түрлері компания стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады. Ол компания үшін маңызы зор үш датаға орайластырылған. Биыл компания өзінің 15-жылдығын атап өтеді. Ал, сенімділік пен жаңа идеялар нышаны ретінде қабылданатын «KazTransCom» брендінің қалыптасқанына биыл 10 жыл толып отыр.
Биылғы жылы компания тарихындағы тағы бір мкңызды күнді атап өтеміз. «Kaztranscom» даму тарихы 1970-ші жылдары басталған, онда компания «Гурьев іске пайдалану-техникалық кеңсесі» деп аталатын. Кәсіпорынның алғашқы кабель желісі осыдан дәл 40 жыл бұрын жүргізілген. Яғни, «KazTransCom» компаниясының қызметі сол кезден бастау алған деуге болады.
Бүгінде телекоммуникация индустриясына қатысушылар, соның ішінде KazTransCom компаниясы ұсынып отырған инновациялар осы салада қол жеткізілген жетістіктерді жаңа деңгейге көтереді және Қазақстандағы байланыс пен ғаламторды пайдаланушыларды бұрын-соңды қол жетпей келген қызмет түрлерімен қамтамасыз етеді.
Жоғары технологияның артықшылықтарын барынша пайдалануға мүмкіндік беретін ақпарат алмасудың жаңа стандарттары ON-OFFICE («Ұялы офис») қызметіне шоғырландырылған. ON-OFFICE-тің негізгі сегментін IT-инфрақұрылымы бар және оның ресурстары мен әлеуетін өз қызметкерлерінің өнімді жұмыс істеуі үшін тиімді пайдалануға ұмтылатын ірі және орта бизнес компаниялары құрайды. Бұл қызмет компания жетекшілеріне және жұмыс бабымен жиі жолға шығатын адамдарға арналған. «ON-OFFICE» абоненттері жұмыс орнынан тыс жерде жүргенде де кеңсе қызметкерлерімен байланысып, корпоративтік ақпаратпен таныса алады, корпоративтік электронды поштаны пайдаланып, кеңседегі компьютерлерде сақталған файлдар мен құжаттарын қарай алады, бейне және аудиоконференцияларға қатыса алады, кез-келген ұялы құрылғының көмегімен жақын орналасқан байланыс операторы арқылы әріптестеріне хабарласа алады.
P-ONE клиенттерге ыңғайлы роуминг қызметін ұсынады. Енді пайдаланушы ешқандай код терместен-ақ «үйдегі» телефонды пайдаланғандай әлемнің кез-келген нүктесіне қоңырау шала береді. Клиент арнайы құрылғы үшін бір рет ақы төлейді және ай сайынғы 850 теңгелік абоненттік төлем арқылы Қазақстанның кез-келген қаласына (Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Орал, Шымкент) «тікелей» телефон соға алады. P-ONE қызметін пайдаланушы адам Жер шарының интернетке қосылған кез-келген нүктесінен тегін телефон шалады. Бұл қызметте мүлдем жасырын тариф болмайды, P-ONE иесі тек байланыс ақысын ғана төлейді.
P-ONE қызметі — қорап іспеттес, ол арқылы дербес түрде алдын-ала икемделген дыбыстық IP-шлюздерді сату көзделген. Ал, оны жүзеге асыратын да, сату алдында реттеп беретін де KazTransCom мамандары.