САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
Бізбен хабарласыңыз

Телефондық қызмет көрсету орталығы


Бас офис

Алматы +7 (727) 2 377-777

Астана филиалы
Астана +7 (7172) 797-777

Батыс филиалы
Атырау +7 (7122) 760-777
Күлсары +7 (71237) 72-777

Маңғыстау филиалы
Ақтау +7 (7292) 200-777
Жаңаөзен +7 (72934) 92-777
Баутино +7 (72938) 28-777

Орал филиалы
Орал +7 (7112) 939-797
Ақсай +7 (71133) 92-777

Ақтөбе филиалы
Ақтөбе +7 (7132) 744-777

Шығыс филиалы
Павлодар +7 (7182) 730-777

Біздің географиямыз

Ақтөбе филиалы
Ақтөбе филиалы — «KazTransCom» АҚ-ның ең ірі бөлімшелерінің бірі, оның қалыптасу және даму тарихы өткен ғасырдың сексенінші жылдары басталды. Ширек ғасыр бұрын, 1981 жылы, мұнай және газ өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ақтөбе қаласында Ақтөбе іске пайдалану-техникалық байланыс кеңсесі (АЭТКС) түзілді, оның негізгі міндеті сол жылдары Ақтөбе облысындағы ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорын — «Актюбнефть» ӨБ-не байланыс қызметтерін көрсету болды.
1983 жылы АЭТКС ЗапКазПТУС ( Батыс Қазақстан байланыс басқармасы) болып қайта аталды, ал 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мұнай және газ кешенінің кәсіпорындарын жекешелендіру туралы» шешімінің негізінде ЗапКазПТУС «Актюбнефтесвязь» АҚ ретінде қайта құрылды.
 2001 жылғы 1-ші тамызда бірнеше компанияны — «КаспийМұнайБайланыс» АҚ-н, «Актюбнефтесвязь» АҚ-н және «Байланыс» АҚ-н біріктірудің нәтижесінде «KazTransCom» акционерлік қоғамы түзілді. Ақтөбе филиалы «KazTransCom» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінің бірі ретінде Қазақстан Республикасының Батыс аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсетудің терең дәстүрлерін жалғастырып, бай тәжірибесін қолданады.

Бүгінгі күнге Ақтөбе филиалы төмендегідей телекоммуникациялық қызметтерді ұсынады:
  • жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон байланысы;
  • спутниктік технологиялардың негізінде байланыс ұйымдастыру;
  • ұялы радиобайланыс;
  • магистралды байланыс арналарын жалға алу;
  • жабдыққа техникалық қызмет көрсету.
Батыс Қазақстанда телекоммуникациялар желісін құру оның іске асуы телекоммуникациялар жүйесін түбегейлі жаңғыртуға мұқтаж мұнай-газ саласының компаниялары үшін әсіресе көкейтесті маңызды міндет болып табылады.
Оптикалық технологиялардың базасында меншікті магистралды желіні дамыту ірі корпоративтік клиенттерге, альтернативті, сондай-ақ ұялы байланыс операторларына қызметтер көрсетуге, терминацияны және халықаралық трафиктің транзитын жүзеге асыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейтіп отыруға мүмкіндік береді.

Хабарласу үшін: 030000, Ақтөбе қаласы, Заречный кенті, 195-ші п/ж
тел.:+7 (7132) 966-208
факс:+7 (7132) 966-287
aktobe@kaztranscom.kz
Телефондық қызмет көрсету орталығы:+7 (7132) 744 777