Шығыс филиал
Шығыс филиал — «KazTransCom» АҚ құрылымдық бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Шығыс аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсетеді. Дербес құрылымдық бірлік ретінде қызметін Шығыс филиал бес жыл бұрын, 2001 жылдың тамызында бастады.
«KazTransCom» АҚ ШФ негізгі өндірістік міндеті «КазТрансОйл» ЖАҚ Шығыс филиалы ауданының мұнайқұбырларын сапалы және үзіксіз технологиялық байланыспен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі күнге «KazTransCom» АҚ Шығыс филиалы төмендегідей қызметтер көрсетеді:
- өндірістік-технологиялық байланыс қызметтері;
- жабдыққа техникалық қызмет көрсету;
- кабельді байланыс желілеріне қызмет көрсету және жөндеу. Мұнайқұбырларының байланыс желілерін іске пайдалану бойынша қызмет қол қойылған келісімшарттармен реттеледі, олар бойынша міндеттемелерін «KazTransCom» АҚ ШФ сапалы әрі мерзімінде орындайды.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда телекоммуникациялық байланыс желісінің құрылысы бойынша ірі көлемді жоба жүзеге асырылуда. «KazTransCom» АҚ Шығыс филиалы бүгінгі заманғы жоғары технологиялы телекоммуникациялық қызметтерді: телефон байланысын, жоғары жылдамдықты Интернет, магистралдық арналарды жалға тапсыруды, сондай-ақ қосымша телекоммуникациялық қызметтердің кең ауқымын ұсынуға ниетті.
Хабарласу үшін: 140005, Павлодар қаласы, Академик Бектуров көшесі, 2-ші үй.
тел.:+7 (7182) 55-94-72
факс:+7 (7182) 55-40-99
pavlodar@kaztranscom.kz
тел.:+7 (7182) 55-94-72
факс:+7 (7182) 55-40-99
pavlodar@kaztranscom.kz



