САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
Бізбен хабарласыңыз

Телефондық қызмет көрсету орталығы


Бас офис

Алматы +7 (727) 2 377-777

Астана филиалы
Астана +7 (7172) 797-777

Батыс филиалы
Атырау +7 (7122) 760-777
Күлсары +7 (71237) 72-777

Маңғыстау филиалы
Ақтау +7 (7292) 200-777
Жаңаөзен +7 (72934) 92-777
Баутино +7 (72938) 28-777

Орал филиалы
Орал +7 (7112) 939-797
Ақсай +7 (71133) 92-777

Ақтөбе филиалы
Ақтөбе +7 (7132) 744-777

Шығыс филиалы
Павлодар +7 (7182) 730-777

Біздің географиямыз

Оқиғалар шежіресі
1966

18-ші тамыз — КСРО Министрлер кеңесінің Үзен — Күлсары — Куйбышев мұнайқұбыры магистралінің құрылысы туралы № 1933р өкімі қабылданды.

1968

31-ші қаңтар — Мұнай өндіру өнеркәсібі министрлігіне мұнай құбырының бойымен Гурьев — Орал учаскесінде КМБ-4 кабелін және Орал — Куйбышев учаскесінде — симметриялы кабель желісін (МКСБ 4×4 × 1,2) қолдануға байланысты кабельді байланыс желісін жобалауға тапсырма берілді. Жобаланып отырған магистраль мұнайқұбырының негізгі жүйесіне айналуға тиіс болды.

1970

 Маусым — Мұнай өнеркәсібі министрлігінің Гурьев іске пайдалану-техникалық байланыс кеңсесін ұйымдастыру туралы бұйрығы және ГІТБК бойынша оның алғашқы жұмыскерлерін жұмысқа қабылдау және Гурьев қаласында сол кездегі ЮЖУМНПП кеңсесінің ғимаратында бірінші учаскеде орналасу туралы № 1 бұйрық шықты.

28-ші шілде — ГІТБК ЮЖУМНПП байланыс қызметтерін көрсетуге алғашқы келісімшарт жасасты. Негізгі байланыс түрі — радиобайланыс.

Тамыз -Махамбет — Карманово; Индер — Кулагино; Сахарный — Чапаево; Ү.Шаған — Орал радиореле желілері салынды (ГІТБК радиоцехының күшімен).
Мұнайқұбырының Карманово, Индер, 941-ші шм, Сахарный, Ү.Шаған қыздыру пунктерінде редиореле желілерін резервілеуге арналған Р-118, Р-102 типті радиостанциялар орнатылды.

30-шы қазан — ГІТБК Үзен-Гурьев учаскесінде (ұзындығы 699 шм) оң иіндегі Жайық өзені арқылы өтетін коаксилды кабельді магистральді жауапты сақтауға қабылдады.
Қазан — ГІТБК төмендегідей цехтары ұйымдастырылды: № 1 — Үзен; № 2 — Сай-Утес; № 3 — Бейнеу; № 4 — Опорная; № 5 — Күлсары; № 6 — Гурьев; № 7 — Индер; № 8 — Сахарный; № 9 — Орал; № 10 — зертхана (Шевченко қаласы). Іске пайдалану-техникалық, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімдері;
бухгалтерия ұйымдастырылды.

24-ші қазан — ГІТБК кәсіподақ ұйымы құрылды.
 
21-ші желтоқсан — ГІТБК партия ұйымы құрылды.

1971

Ақпан
 — қызмет бабындағы байланысты күшейткіштер мен тоналдық жиілік қолданылатын симметриялы төрттіктердің жәркеуленген жұптары бойынша диспетчерлік байланыс ұйымдастырылды, бұл диспетчердің Үзен — Гурьев кабелі бойынша қыздыру пунктерімен жіті жұмысын айтарлықтай жақсартты.

Сәуір — өндірістік-өлшемдік зертхана Шевченко қаласынан Гурьев қаласына көшіріліп, 30.09.71 жылдан жаңа құрамда жұмыс істей бастады; Үзен-Гурьев учаскесінде К-24-2 жүйесі іске пайдалануға қабылданды, жұмысты «Межгорсвязьстрой» тресті ЖБ жинақтаушылары мен бапкерлері ГІТБК мамандарымен бірлестікте жүргізді; ГІТБК комсомол ұйымы құрылды.

Мамыр -№ 9 цех және Орал цехы біріктіріліп, № 9 цех болып аталды. № 12 радиобайланыс цехы № 10 цехқа айналды.

Маусым — төмендегі пунктерде радиостанциялар орнатылды (мұнай қотару станциялары мен трассадағы қыздыру пунктерінің алаңшаларында автомашиналарда және вагондарда): Үзен МҚС (Р-102, РСО-30); ПП — 66 шм (РСО 30); Сай-Утес МҚС (РСО — ЗО, Р-102); ПП — 22 шм (РСО 30); Бейнеу МҚС (РСО-ЗО, Р-102); ПП Опорная (РСО-ЗО, Р-118); Күлсары МҚС (РСО-ЗО); ПП — 60 шм (РСО-ЗО); Гурьев — 5 шм (Р-118, РСО-ЗО)

Шілде — бірінші — үшінші цехтар бойынша (Үзен, Сай-Утес, Бейнеу) автомашиналардағы (ЗиЛ-157К) радиостанциялар стационарға көшірілді.

28-ші шілде — Батыс Қазақстан магистралды мұнайөнімдерқұбырлары басқармасының коммутаторы — ПП № 6 (5 шм) коммутатор учаскесінде радиорелелік байланыс желісі тұрғызылды және реттелді, бұл Байланыс министрлігінің Гурьев-Мәскеу, Гурьев-Индер, Гурьев-Орал, Гурьев-Маңғыстау арналарына жол ашуға мүмкіндік берді.
 
1-ші тамыз — ГІТБК Орал трактының 5-ші шақырымына, алдымен мұнайқұбыры басқармасының ғимаратына орын ауыстырды.

Желтоқсан — Ү.Шаған-Куйбышев учаскесінде МКСАБПВ 4×4 × 1,2 магистралдық кабелінің екі тарамының құрылысы аяқталды. ГІТБК еншісіне Ү.Шаған НУП-5 учаскесі (88,6км) бекітіліп берілді. Жүйені жинақтау, баптау және оңтайландыру бойынша жұмыстарды Гурьев және Куйбышев ЭТКС жүргізді. Мемлекеттік комиссияның Ү.Шаған — Куйбышев учаскесінде К-60 байланыс жүйесін іске пайдалануға енгізу туралы кесіміне қол қойылды. Жүйені жинақтау, баптау және төлқұжаттандыру бойынша жұмыстарды Гурьев және Куйбышев ЭТКС жүргізді. Үзен-Гурьев-Ү.Шаған-Круглоозерное учаскесінде 1185 шм КМБ-4 кабелі төселді.

28-ші желтоқсан — ГІТБК жауапты сақтауға қосымша Гурьев-Ү.Шаған учаскесінде 487 шм магистралдық кабельді және қызмет көрсетілетін Гурьев ПП6 және Ү.Шаған ПП9 екі күшейту пунктін қабылдады.

1972

Қаңтар — Гурьев — Ү.Шаған учаскесінде (487 шм солтүстік иін) оңтүстіктегідей магистралдық кабель бойынша диспетчерлік байланыс ұйымдастырылды.

Қаңтар — Үзен-Гурьев-Орал учаскесінде К-24-2 жүйесі іске пайдалануға тапсырылды, бұл Южное, Гурьев, Балықшы және Орал мұнайқұбыры басқармаларын Үзеннен Оралға дейін мұнайқұбырының ұзын бойында қыздыру пунктерімен және мұнай қотару станцияларымен технологиялық байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 20-шы мамыр — Опорная № 4 цехы мен Индер № 7 цехы таратылып, Бейнеу № 3, Күлсары № 5, Гурьев № 6, Сахарный № 8 цехтарына табысталды. (ГІТБК бойынша № 28 бұйрық).

Қаңтар-Маусым — ГІТБК мамандары Александровское-Томск-Анджеро-Суженск мұнайқұбырын іске қосу кезеңінде Томскіде байланысты ұйымдастыруға және редиореле желілерінің құрылысына қатысты.

Тамыз — ГЭТСК жанында құрылыс тобы құрылды (№ 87 бұйрық).

13-ші қыркүйек — кабельдің тесіктерін анықтау және жою мен тұмшаламаның бұзылуын жою үшін жөндеу-қалпына келтіру бригадасы құрылды (өндірістік-өлшеу зертханасының және № 6 цехтың кабель учаскесінің базасында).

Маусым-желтоқсан — К-1920 жүйесін жинақтау және баптау, оны іске пайдалануға енгізу.

 Желтоқсан — Опорная-Бейнеу тоналдық арнасы ұйымдастырылды; су асты кабельдерін қарап шығу және тексеру жүргізілді.
Сондай-ақ осы жылы Үзен (мамыр), Сай-Утес (қыркүйек), Бейнеу (маусым), Гурьев (желтоқсан) бойынша АТС іске пайдалануға қосылды.

1974

Меншікті өнеркәсіптік базаның құрылысы басталды.

1975

 
Орал трактының 5-ші шақырымында ГІТБК әкімшілік және өндіріс корпустары іске пайдалануға енгізілді.
Мемлекеттік комиссияның Үзен-Гурьев учаскесінде (694 шм) және Гурьев-Ү.Шаған учаскесінде (456 шм) К-1920 байланыс жүйесін іске пайдалануға енгізу туралы кесімдеріне қол қойылды.
Кеңсенің техникалық қызметкерлер құрамы күрделі байланыс жүйелерін трафитіктік технологиялық игеруге кірісті және оларды техникалық негізделген іске пайдалануға бағдар алды.

1976
 

Мемлекеттік комиссияның Үзен-Гурьев учаскесінде (694 шм) және Гурьев-Ү.Шаған учаскесінде (456 шм) К-24к байланыс жүйелерін іске пайдалануға енгізу туралы кесімдеріне қол қойылды.
 Мемлекеттік комиссияның Үзен-Ақтау учаскесінде (152 шм) К-1920 және К-24к байланыс жүйелерін іске пайдалануға енгізу туралы кесімдеріне қол қойылды.
 Мемлекеттік комиссияның Гурьев-телеорталық учаскесінде (22 шм) К-1920 байланыс жүйесін іске пайдалануға енгізу туралы кесіміне қол қойылды.

1982

 Мемлекеттік комиссияның Ақтау-Өмірзақ учаскесінде (73 шм) К+12+12 байланыс жүйесін іске пайдалануға енгізу туралы кесіміне қол қойылды.

1983

Мемлекеттік комиссияның Гурьев-Мақат-МҚС-3-НУП8/4 учаскесінде (304 шм) К-120НС байланыс жүйесін іске пайдалануға енгізу туралы кесімдеріне қол қойылды.

1984

 
Сәуір — ГІТБК Каспий маңы өндірістік-техникалық байланыс басқармасы болып қайта аталды.

1985

 Мемлекеттік комиссияның Ақтау-Қаламқас учаскесінде (252 шм) К-120НС жүйесін іске пайдалануға енгізу туралы кесімдеріне қол қойылды.

1987

 Мемлекеттік комиссияның Сай-Утес-Қаражамбас учаскесінде (209 шм) К+12+12 байланыс жүйесін іске пайдалануға енгізу туралы кесіміне қол қойылды. Мемлекеттік комиссияның Күлсары-Теңіз учаскесінде (135 шм) К-120НС байланыс жүйесін іске пайдалануға енгізу туралы кесімдеріне қол қойылды.

1990

 
Мемлекеттік комиссияның Қиғаш-Гурьев учаскесінде (285 шм) К+12+12 байланыс жүйесін іске пайдалануға енгізу туралы кесіміне қол қойылды. Мемлекеттік комиссияның Гурьев-Күлсары учаскесінде (170 шм) К+12+12 байланыс жүйесін іске пайдалануға енгізу туралы кесіміне қол қойылды.

1991

 Мемлекеттік комиссияның Күлсары-Опорная учаскесінде (95 шм) К+12+12 байланыс жүйесін іске пайдалануға енгізу туралы кесіміне қол қойылды.

1993

 
13-ші желтоқсан — ППТУС «Каспий мұнай байланыс» акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды (№ 764-93 тіркеу куәлігі 13.11.1993 жылы берілген) және Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің «Мұнайгаз» мемлекеттік холдингілік компаниясына кірді.

1994

 
Атырау (Гурьев) облысында табиғи нәубет — қалаға және аудандарға, соның ішінде «Каспий мұнай байланыс» акционерлік қоғамына 10 млн теңгеге материалдық нұқсан әкелген үлкен топан су орын алды. Кабель желілері трассасының 300 шақырымнан астамы су астында қалды.
Мемлекеттік комиссияның Доссор-Байшұнас учаскесінде (39 шм) К+12+12 байланыс жүйесін іске пайдалануға енгізу туралы кесіміне қол қойылды.

1996

 
Опорная-Бейнеу суқұбырының бойымен кабельді байланыс желісінде 24 арнаға аппаратура орнатылды.
«Ембімұнайгаз» АҚ жүйесінің «Қайнармұнайгаз» НГДУ жаңа «Қотыртас» мұнай кен орнымен байланысты қамтамасыз еткен алты арнаға жаңа байланыс жабдығы іске пайдалануға енгізілді.
24 арналық аппаратураның көмегімен «Жайықмұнайгаз» НГДУ үшін Аққыстау-Забуренье учаскесінде байланыс ұйымдастырылды.
«Доссормұнайгаз» НГДУ 50 нөмірге АТС іске қосылды.

1997

Алтыарналы аппаратурамен тығыздалған Жамансор-Мақат кабельді байланыс желісі (15 шм) іске пайдалануға енгізілді.
№ 6 цехта (Атырау) ескірген декадада-адымдық АТС 200 нөмірге арналған ДКХ-4 типті цифрлы АТС алмастыру жүргізілді.

1999

 
«КазТрансОйл» НКТН спутниктік және транкингілік байланыс желісі қызмет көрсетуге қабылданды.
2001

05.03.2001 жыл
 — «Каспий мунай байланыс» ААҚ «КазТрансСвязь» ААҚ болып қайта аталды
.
05.03.2001 жыл — «Каспий мұнай байланыс» («КазТрасСвязь») ААҚ «Актюбнефтесвязь» ААҚ-н қосу арқылы қайта ұйымдастырылды.

19.03.2001 жыл — «КазТрансСвязь» ААҚ Батыс филиалын құру туралы шешім қабылданды. Негіздеме: «Каспий мұнай байланыс» ААҚ 05.03.2001жылғы кезектен тыс жалпы жиналысының № 1 хаттамасы.

07.06.2001 жыл — «КазТранСвязь» ААҚ «KazTransCom» ААҚ болып қайта аталды.

07.06.2001 жыл — «КазТрасСвязь» ААҚ «Байланыс» ААҚ-н қосу арқылы қайта ұйымдастырылды, «Байланыс» ААҚ және «КазТрасСвязь» ААҚ арасында Қосылу туралы келісімшарт бекітілді. Негіздеме: «КазТрансСвязь» ААҚ кезектен тыс жалпы жиналысы.

2002

 
Атырау қаласында ВОЛС (SDH сақина) байланыс желісі салынды және іске пайдалануға енгізілді.

2004

 «KazTransCom» АҚ жобалық комитеті Батыс Қазақстанда телекоммуникациялар желісінің құрылысын салу туралы шешім қабылдады.
 Қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерін көрсетуге Мемлекеттік лицензия алынды (ҚР Ақпарат және байланыс жөніндегі агенттігі 14.10.2004 жылы берген).

2005

 
«Батыс Қазақстанда байланыс желісін дамыту» жобасының құрамында Атырау қаласында:
— IN қатынау торабы;
— Халықаралық коммутация орталығы;
— STM-16 деңгейдегі Атырау-Ақтау SDH магистралі іске пайдалануға енгізілді.

2006

 Халықаралық телекоммуникациялық операторлармен түйісу жүзеге асырылды.
iDirect спутниктік байланыс желісін өрістету бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.