8 800 099 0099

Қазақстанның барлық аймақтары
үшін тегін қоңырау шалу
237-77-77

Байланыстар

Личный кабинет

Забыли пароль?

Филиалдар


    Телефондық қызмет көрсету орталығы

    Бас офис 
    Алматы +7 (727) 2 377-777

    Астана филиалы
    Астана +7 (7172) 797-777

    Батыс филиалы 
    Атырау +7 (7122) 760-777
    Күлсары +7 (71237) 72-777

    Маңғыстау филиалы
    Ақтау +7 (7292) 200-777
    Жаңаөзен +7 (72934) 92-777
    Баутино +7 (72938) 28-777

    Орал филиалы 
    Орал +7 (7112) 939-797

    Ақсай +7 (71133) 92-777

    Ақтөбе филиалы
    Ақтөбе +7 (7132) 744-777

    Шығыс филиалы
    Павлодар +7 (7182) 730-777
    Қараганды +7 (7212) 980-077
    Шымкент +7 (7252) 921-777

    Филиалдар

    Бас офис

    Байланыс Call-center
    Қазақстан республикасы
    050009, Алматы қ.
    Радостовец көш., 69/204А
    тел.: +7 (727) 2 377-310
    факс.: +7 (727) 2 377-318
    info@kaztranscom.kz
    +7 (727) 2 377-777

    Астана филиалы

    «KazTransCom» АҚ-ның Астана қаласындағы филиалы — компанияның неғұрлым перспективті және тұрақты дамып келе жатқан филиалдарының бірі. Оның тарихы бірнеше компанияны біріктірудің нәтижесінде
    «KazTransCom» акционерлік қоғамы түзілген 2001 жылдың тамызында Астана қаласында «KazTransCom» АҚ-ның өкілдігін құрудан басталды.
    Өкілдіктің базасында 2002 жылдың маусымында «KazTransCom» АҚ-ның Астана қаласындағы филиалы құрылды.

    Бүгінгі күнге Астана қаласындағы филиалда төмендегідей телекоммуникациялық қызметтер көрсетіледі:

    • жергілікті, қалааралық, халықаралық телефон байланысы;
    • транкингілік радиобайланыс;
    • корпоративтік желілер ұйымдастыру және қолдау;
    • бөлінген деректер табыстау арналарын жалға алу;
    • Интернетке қатынау;
    • телекоммуникациялық жабдық жеткізу, жинақтау және баптау;
    • пайдаланушылардыа тәулік бойы техникалық қолдау.

    «KazTransCom» Астана қаласындағы филиалы серпінді дамып келе жатқан телекоммуникациялар нарығындағы өзінің қызметін ең соңғы техникалық жетістіктерге, филиал қызметкерлерінің кәсіпқойлығы мен құзыретіне және жоғары сервис деңгейі мен кешенді тәсілдемені қажет ететін ірі корпорацияларға қызмет көрсетудің бай тәжірибесіне сүйене отырып, жүзеге асырады.

    Жаңа буынның желілерін құру бойынша ірі көлемді жоспарларды іске асыру нарық қажетсініп отырған сапалы телекоммуникациялық қызметтердің тұтас бір кешенін ұсынуға мүмкіндік береді.

    Байланыс Call-center
    010000, Астана қ.,
    Сол жақ жаға, Қабанбай батыр даңғ., 7/1
    тел.: +7 (7172) 977-700
    info@kaztranscom.kz
    +7 (7172) 797-777

    Шығыс филиалы

    Шығыс филиал — «KazTransCom» АҚ құрылымдық бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Шығыс аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсетеді. Дербес құрылымдық бірлік ретінде қызметін Шығыс филиал бес жыл бұрын, 2001 жылдың тамызында бастады.

    «KazTransCom» АҚ ШФ негізгі өндірістік міндеті «КазТрансОйл» ЖАҚ Шығыс филиалы ауданының мұнайқұбырларын сапалы және үзіксіз технологиялық байланыспен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі күнге «KazTransCom» АҚ Шығыс филиалы төмендегідей қызметтер көрсетеді:

    • өндірістік-технологиялық байланыс қызметтері;
    • жабдыққа техникалық қызмет көрсету;
    • кабельді байланыс желілеріне қызмет көрсету және жөндеу. Мұнайқұбырларының байланыс желілерін іске пайдалану бойынша қызмет қол қойылған келісімшарттармен реттеледі, олар бойынша міндеттемелерін «KazTransCom» АҚ ШФ сапалы әрі мерзімінде орындайды.

    Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда телекоммуникациялық байланыс желісінің құрылысы бойынша ірі көлемді жоба жүзеге асырылуда. «KazTransCom» АҚ Шығыс филиалы бүгінгі заманғы жоғары технологиялы телекоммуникациялық қызметтерді: телефон байланысын, жоғары жылдамдықты Интернет, магистралдық арналарды жалға тапсыруды, сондай-ақ қосымша телекоммуникациялық қызметтердің кең ауқымын ұсынуға ниетті.

    Байланыс Call-center
    140005, Павлодар қ.,
    Академик Бектуров көш., 2
    тел.:+7 (7182) 559-472
    info@kaztranscom.kz
    Павлодар +7 (7182) 730-777
    Қарағанды +7 (7212) 980-077
    Шымкент +7 (7252) 921-777

    Батыс филиал

    Батыс филиал — «KazTransCom» АҚ-ның байырғы филиалдарының бірі, оның қалыптасу және даму тарихы 35 жыл бұрын Гурьев іске пайдалану-техникалық байланыс кеңсесін құрудан басталды. Жас кәсіпорынның пайда болуына Батыс Қазақстанда мұнай өнеркәсібінің қызу дамуы себеп болды.

    1984 жылы Гурьев іске пайдалану-техникалық байланыс кеңсесі Каспий маңы өндірістік-техникалық байланыс басқармасы (ППТУС) болып қайта аталды, ол Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары үшін кабельдік және редиорелелік, қалааралық байланыс желілерін, ал кейіннен, 1991 жылдан бастап, халықаралық телефон байланысын қамтамасыз етіп отырды.

    1993 жылдың желтоқсанында кәсіпорын акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды және «Каспий Мұнай Байланыс» деп қайта аталды. Кәсіпорынды кешенді жаңғырту жүргізілді: спутниктік жабдық, цифрлы АТС және транкингілік жылжымалы радиобайланыс аппаратурасы орнатылды, абоненттерді бүгінгі заманғы HARRIS типті цифрлы АТС ауыстырып қосу жүзеге асырылды. 2001 жылғы 1-ші тамызда бірнеше компанияны — «КаспийМұнайБайланыс» АҚ-н, «Актюбнефтесвязь» АҚ-н және «Байланыс» АҚ-н біріктірудің нәтижесінде «KazTransCom» акционерлік қоғамы түзілді.

    Батыс Филиал «KazTransCom» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінің бірі ретінде Қазақстан Республикасының Батыс аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсетудің терең дәстүрлерін жалғастырып, бай тәжірибесін қолданады.

    Бүгінгі күнге Батыс филиал төмендегідей телекоммуникациялық қызметтерді ұсынады:

    • жергілікті, халықаралық, қалааралық телефон байланысы;
    • корпоративтік деректер және дауыс хабарлау желілерін ұйымдастыру;
    • ТМД елдерінің және алыс шетелдің аумағы бойынша байланыс арналарын ұйымдастыру;
    • спутниктік DAMA-технологиялардың базасында байланыс ұйымдастыру;
    • Интернет желісіне қатынау;
    • транкингілік байланыс;
    • компьютерлік желілерге кешенді қызмет көрсету;
    • сыйымдылығы әртүрлі мөлдір арналар ұйымдастыру.

    Батыс Қазақстанда телекоммуникациялар желісін құру оның іске асуы телекоммуникациялар жүйесін түбегейлі жаңғыртуға мұқтаж мұнай-газ саласының компаниялары үшін әсіресе көкейтесті маңызды міндет болып табылады. Оптикалық технологиялардың базасында меншікті магистралды желіні дамыту ірі корпоративтік клиенттерге, альтернативті, сондай-ақ ұялы байланыс операторларына қызметтер көрсетуге, терминацияны және халықаралық трафиктің транзитын жүзеге асыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейтіп отыруға мүмкіндік береді.

    Байланыс Call-center
    060011, Атырау облысы, Махамбет ауданы,
    Орал тасжолының 5-ші шақырымы
    тел.: +7 (7122) 760-550
    info@kaztranscom.kz
    Атырау +7 (7122) 760-777
    Кульсары +7 (71237) 72-777

    Ақтөбе филиалы

    Ақтөбе филиалы — «KazTransCom» АҚ-ның ең ірі бөлімшелерінің бірі, оның қалыптасу және даму тарихы өткен ғасырдың сексенінші жылдары басталды. Ширек ғасыр бұрын, 1981 жылы, мұнай және газ өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ақтөбе қаласында Ақтөбе іске пайдалану-техникалық байланыс кеңсесі (АЭТКС) түзілді, оның негізгі міндеті сол жылдары Ақтөбе облысындағы ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорын — «Актюбнефть» ӨБ-не байланыс қызметтерін көрсету болды.

    1983 жылы АЭТКС ЗапКазПТУС (Батыс Қазақстан байланыс басқармасы) болып қайта аталды, ал 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мұнай және газ кешенінің кәсіпорындарын жекешелендіру туралы» шешімінің негізінде ЗапКазПТУС «Актюбнефтесвязь» АҚ ретінде қайта құрылды.

    2001 жылғы 1-ші тамызда бірнеше компанияны — «КаспийМұнайБайланыс» АҚ-н, «Актюбнефтесвязь» АҚ-н және «Байланыс» АҚ-н біріктірудің нәтижесінде «KazTransCom» акционерлік қоғамы түзілді. Ақтөбе филиалы «KazTransCom» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінің бірі ретінде Қазақстан Республикасының Батыс аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсетудің терең дәстүрлерін жалғастырып, бай тәжірибесін қолданады.

    Бүгінгі күнге Ақтөбе филиалы төмендегідей телекоммуникациялық қызметтерді ұсынады:

    • жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон байланысы;
    • спутниктік технологиялардың негізінде байланыс ұйымдастыру;
    • ұялы радиобайланыс;
    • магистралды байланыс арналарын жалға алу;
    • жабдыққа техникалық қызмет көрсету.

    Батыс Қазақстанда телекоммуникациялар желісін құру оның іске асуы телекоммуникациялар жүйесін түбегейлі жаңғыртуға мұқтаж мұнай-газ саласының компаниялары үшін әсіресе көкейтесті маңызды міндет болып табылады.

    Оптикалық технологиялардың базасында меншікті магистралды желіні дамыту ірі корпоративтік клиенттерге, альтернативті, сондай-ақ ұялы байланыс операторларына қызметтер көрсетуге, терминацияны және халықаралық трафиктің транзитын жүзеге асыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейтіп отыруға мүмкіндік береді.

    Байланыс Call-center
    030000, Ақтөбе қ.,
    Заречный-1 кенті,516 Б, 195-ші п/ж
    тел.: +7 (7132) 740-208
    info@kaztranscom.kz
    +7 (7132) 744-777

    Орал филиалы

    Орал Филиалы, «KazTransCom» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінің бірі, Қазақстан Республикасының батыс аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсету бойынша терең дәстүрлері мен бай жұмыс тәжірибесін жинақтаған. Филиалдың құрылған күні 2001 жылдың желтоқсаны болып саналғанымен, кәсіпорынның тарихы өткен ғасырдың 70-ші жылдарына тамыр жаяды.

    1976 жылы компрессорлық станциялар мен магистралды газқұбырларының құрылысы басталған уақыттан бері, Орал желілік учаскесі газтасымалдау ведомствосының буыны ретінде, «Оренбурггазпром» байланыс басқармасының құрамына кірді.

    1991 жылдың қарашасында дербес байланыс құрылымы ретінде «Казахгазсвязь» мемлекеттік кәсіпорыны түзілді. Қазіргі уақытта Орал Филиалы газдың транзитын жүзеге асырушы кәсіпорындардың — «Орал» УМГ, «Атырау» УМГ және УПНРиД байланыс және есептеуіш техника құралдарына техникалық қызмет көрсетумен шұғылданады, сондай-ақ Қазақстанның стратегиялық маңызды аймағында — жедел және сапалы байланысқа зәру мұнай-газ секторының компаниялары жұмыс істейтін аймақта бірегей телекоммуникациялық жобаны іске асыруға қатысуда.

    Бүгінгі күнге филиал төмендегідей қызметтерді ұсынады:

    • жергілікті, халықаралық, қалааралық телефон байланысы;
    • корпоративтік деректер және дауыс хабарлау желілерін ұйымдастыру;
    • ТМД елдерінің және алыс шетелдің аумағы бойынша байланыс арналарын ұйымдастыру;
    • спутниктік DAMA-технологиялардың базасында байланыс ұйымдастыру;
    • Интернет желісіне қатынау;
    • транкингілік байланыс;
    • компьютерлік желілерге кешенді қызмет көрсету;
    • сыйымдылығы әртүрлі мөлдір арналар ұйымдастыру;

    «KazTransCom» АҚ-ның Орал Филиалы меншікті инфрақұрылымын қызу дамытуда (Орал қаласына және Ақсай қаласына ВОЛС тарту). Филиалдың қызметінің негізгі мақсаты нарық қажетсінетін телекоммуникациялық қызметтердің толық ауқымын ұсынуға қабілетті көпфункционалды желі құру болып табылады.

    Байланыс Call-center
    090005, Орал қ., 47-ші а/ж
    Желаево кенті, өнеркәсіптік аудан, 7
    тел.: +7 (7112) 939-003
    info@kaztranscom.kz
    Орал +7 (7112) 939-797
    Ақсай +7 (71133) 92-777

    Маңғыстау филиалы

    Маңғыстау филиалы, KazTransCom АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі, Қазақстан Республикасының батыс аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсетеді. 2001 жылы түзілген Маңғыстау филиалы бірнеше қайта ұйымдастыруға ұшырады және 2005 жылы қайта құрылды.

    Қазіргі уақытта Маңғыстау филиалы Қазақстанның стратегиялық маңызды аймағында — жедел және сапалы байланысқа зәру мұнай-газ секторының компаниялары жұмыс істейтін аймақта бірегей телекоммуникациялық жобаны іске асыруға қатысуда.

    Бүгінгі күнге Маңғыстау филиалы төмендегідей қызметтерді ұсынады:

    • жергілікті, халықаралық, қалааралық телефон байланысы;
    • корпоративтік деректер және дауыс хабарлау желілерін ұйымдастыру;
    • ТМД елдерінің және алыс шетелдің аумағы бойынша байланыс арналарын ұйымдастыру;
    • спутниктік DAMA-технологиялардың базасында байланыс ұйымдастыру;
    • Интернет желісіне қатынау;
    • транкингілік байланыс;
    • компьютерлік желілерге кешенді қызмет көрсету;
    • сыйымдылығы әртүрлі мөлдір арналар ұйымдастыруемкости.

    Батыс аймақта телекоммуникациялық инфрақұрылым құру оған кез келген компаниялардың қатынауына жол ашып, бизнесті жедел дамытуға және жаңа нарықтарды игеруге көмектеседі.

    Аталған жобаны іске асыру телекоммуникациялар жүйесін түбегейлі жаңғыртуды қажет ететін мұнай-газ саласының компаниялары үшін өте маңызды болып табылады. Батыс аймақта меншікті байланыс инфрақұрылымын құру қызметтер кешенін ұсынуға мүмкіндік береді (бір арнада барлық дәстүрлі қызметтер — телефон байланысы, Интернет, видео және т.б.).

    «Қосақталған» желіні тұрғызу және телефония, Интернет желісіне қатынау қызметтерін көрсету және деректер табыстау трафигін жіберу үшін меншікті біріктірілген тораптар құру нарық қажетсінген телекоммуникациялық қызметтерді жедел ұсынуға мүмкіндік береді.

    Байланыс Call-center
    130003, Ақтау қ., 14-ші ықшамаудан
    «Казтранском» АҚ ғимараты
    тел.: (7292) 470–110
    info@kaztranscom.kz
    Ақтау +7 (7292) 200-700
    Жаңаөзен +7 (72934) 92-777
    Баутино +7 (72938) 28-777

    Оңтүстік филиал

    Байланыс Call-center
    050009, Алматы қ.,
    Шевченко көш., 165 Б/72 Г
    тел.: +7 (727) 2 377–209
    info@kaztranscom.kz
    +7 (727) 2 377–777

    Обратная связь

    Текст

    Имя Фамилия

    Ваш e-mail