САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
Бізбен хабарласыңыз

Телефондық қызмет көрсету орталығы


Бас офис

Алматы +7 (727) 2 377-777

Астана филиалы
Астана +7 (7172) 797-777

Батыс филиалы
Атырау +7 (7122) 760-777
Күлсары +7 (71237) 72-777

Маңғыстау филиалы
Ақтау +7 (7292) 200-777
Жаңаөзен +7 (72934) 92-777
Баутино +7 (72938) 28-777

Орал филиалы
Орал +7 (7112) 939-797
Ақсай +7 (71133) 92-777

Ақтөбе филиалы
Ақтөбе +7 (7132) 744-777

Шығыс филиалы
Павлодар +7 (7182) 730-777

Біздің географиямыз

Ақтау қаласында «KazTransCom» АҚ телекоммуникациялық компаниясының жаңа офисі ашылды.
17.02.2010

2010 жылы 16 ақпанда Маңғыстау облысының орталығы — Ақтау қаласында «KazTransCom» АҚ телекоммуникациялық компаниясының жаңа офисінің салтанатты ашылуы өтті. Айтулы шараға KazTransCom АҚ-тың клиенттері мен серіктестері болып табылатын ірі қазақстандық компаниялардың, мемлекеттік органдарының, сондай-ақ жетекші байланыс операторларының және аймақтық БАҚ өкілдері қатысты. Қонақтар Ақтау қаласының 14 шағ.ауд., 36 А ғим., «Көрме орталығы» бизнес-орталығында орналасқан жаңа офисте қабылданды. Жаңа офистің тұсаукесері аясында «KazTransCom» АҚ басшылығы мемлекеттік органдарының, клиенттер мен серіктестердің, байланыс операторлары және аймақтық БАҚ өкілдерімен пресс-конференция өткізді.

Ақтау қаласындағы жаңа офистің ашылуы — бұл компанияның осы аймақта дамып өрлеуінің тағы бір қадамы. Компанияның беделдік саясатына сәйкес, Маңғыстау филиалы жаңа офисінің міндеті — облыс аймағындағы серіктестік байланысты одан әрі кеңейту, ірі корпоративтік клиенттермен өзара арақатынасты жалғастыру мен нығайту ғана емес, сонымен бірге әрбір пайдаланушыға компанияның қызметін етене таныстыру болып табылады. "KazTransCom АҚ-тың Маңғыстау филиалы телекоммуникация қызметінің аясын кеңейтуге, сату жүйесін одан әрі жақсартуға, тұтынушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын жетілдіруге басымдылықты ден қойып отыр.