«KazTransCom» корпоративтік оқу орталығы — қызметкерлердің кәсіби дайындығы үшін жауапты және стратегиялық міндеттерді шешу шеңберінде қызметкерлер құрамын оқытудың жүйелі тәсілдемесін қамтамасыз ететін компанияның арнайы бөлімшесі. «KazTransCom» оқу орталығы 2007 жылғы 27-ші қарашада түзілген.
Корпоративтік оқу орталығын құру «KazTransCom» компаниясының жетілуінің заңды сатысы болды.
Оқу орталығы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асырады, қызметкерлер құрамының телекоммуникациялық технологиялардың ең соңғы жетістіктеріне сәйкес кәсіптік деңгейін сақтайды. Оқу орталығы төмендегі бағыттар бойынша қызметкерлер құрамын оқытуды ұйымдастырады:
- техникалық қызметкерлер құрамының біліктілігін көтеру;
- жоғарғы буын басшылары мен менеджерлері үшін ұзақ мерзімді оқыту;
- сатылымдардың және клиенттерге қызмет көрсетудің тиімділігін көтеру үшін оқыту;
- корпоративтік командатүзішу тренингілер;
- жеке тұлғаны өсіру тренингілері.
Корпоративтік оқу орталығының артықшылықтары көп, олар: жылжымалылық, оқу процессінің икемдігі, корпоративтік міндеттерді шешуге шүйілген арнаулы бағдарламалар, тұрақты тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
Оқыту бағдарламалары корпоративтік мәдениеттің спецификасын, ол көрсететін қызметтердің ерекшеліктерін және шешілетін міндеттердің бірінші кезектілігін басшылыққа ала отырып, компанияның сұраныстарына ыңғайланады.



