8 800 099 0099
үшін тегін қоңырау шалу
8 800 099 0099
Мөлдір бөлінген арналар кез келген хаттамалардың қолданылуы бар деректер жіберу ортасы болып табылады және клиенттің бір-бірінен аумақтық алыстағы офистерінің желілерін жоғары өткізгіштік қабілетпен біріктіру мүмкіндігін береді.
Мөлдір бөлінген арналарды ұйымдастыру Е1 стандарты (G.703 интерфейсі) бойынша, Ethernet немесе STM (арнаның жоғары өткізгіштік қабілетінің болуы барысында) бойынша мүмкін болып табылады.
Трафиктің кез келген түрін жіберу мүмкіндігі бар: деректер, дауыс, бейнеақпарат.
KazTransCom мөлдір арналарды ұйымдастыру қызметін екі санатта ұсынады:
Осы қызметті көрсету аясында «соңғы миль» ұйымдастыру технологиясының біреуі немесе бірнешеуі қолданылуы, сондай-ақ жоғарыда аталғандардың барлығы да қолданылуы мүмкін. Бұл ретте клиент жабдығы бас офис пен филиалдардың жергілікті желілерінің бағдарғылауышы (арна құрайтын жабдықтың мүмкін болар қосылу интерфейстері: RS-232, RS-530, V.35, Ethernet 10/100 Мбит/с және т.б.) және қала желілерінің сандық порттары бар офистік телефон станциялары
Клиенттің бас офисі мен филиалдарының орналасқан жері, клиент офистерінің «KazTransCom» АҚ-ның тораптарынан алыстығы, клиенттің офистері мен оператордың тораптары арасында қосатын желілерді салу мүмкіндігі, қосатын желілерді ұйымдастыру мерзімдері сияқты қызмет көрсету шарттарына байланысты осы қызмет клиентке келесі технологиялардың қолданылуымен ұсынылуы мүмкін: