8 800 099 0099
үшін тегін қоңырау шалу
8 800 099 0099
KazTransCom Интернет-магистралға KazTransCom-ның телефон желісі негізіндегі стандартты телефон желісі арқылы жоғары жылдамдықтағы қосылуды ұсынады.
Интернет желісіне қосылу тиімді жоғары жылдамдықтағы ADSL технологиясының (асимметриялық сандық абоненттік желілер) қолданылуымен стандартты телефон желісі бойынша іске асырылады. ADSL модемдері кіріс трафигі (желіден абонентке) үшін 8 Мбит/с-қа дейінгі жылдамдықты және шығыс трафигі (абоненттен желіге) үшін 1 Мбит/с-қа дейінгі жылдамдықты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Модемдік ADSL қосылуы телефон желісінде болмайды, бұл бір уақытта телефон арқылы сөйлесуге және Интернет желісінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Тарифтеу алынған деректер көлемі бойынша жүзеге асырылады.
Қызмет клиент компьютерінде Ethernet картасы* орнатылған кезде ғана көрсетіледі.
*Ethernet картасын клиент өз бетінше сатып алады және орнатады.
KazTransCom провайдердің Интернет-магистралына 128 Кбит/с-тан Мб/с-қа дейінгі жылдамдықта қосуды ұсынады.
Қосылу тиімді жоғары жылдамдықтағы VDSL технологиясының (симметриялық сандық абоненттік желілер) қолданылуымен стандартты телефон желісі бойынша жүзеге асырылады.VDSL модемдік қосылысының арқасында Интернетте жұмыс істеу барысындағы уақытта телефон желісі кіріс және шығыс қоңыраулары үшін бос болып тұрады. Осылайша, VDSL технологиясын қолдану бір уақытта телефон арқылы сөйлесуге және Интернет желісінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
VDSL технологиясының қолданылуымен Интернетке қолжеткізу KazTransCom-ның телефон желісі негізінде іске асырылады. Қызметті іске асыру үшін KazTransCom мамандары абонентке VDSL (Cisco LRE) модемін орнатады. Қызмет клиент компьютерінде Ethernet картасы* орнатылған кезде ғана көрсетіледі.
*Ethernet картасын клиент өз бетінше сатып алады және орнатады.
KazTransCom арнайы ұйымдастырылған бөлінген деректерді жіберу желісінің негізінде провайдердің Интернет магистралына жоғары жылдамдықтан қосылуды ұсынады.
Әртүрлі компаниялар мен ұйымдардың офистерін, филиалдарын, бөлімдерін KazTransCom ұйымдастырған бөлінген деректерді жіберу желісі бойынша Интернет желісіне қосу қойылған мақсаттарға байланысты Интернет мүмкіндіктерін тиімді және функционалдық түрде қолдануға кепілдік береді. Интернет көмегімен шешілетін міндеттердің ауқымы едәуір алуан-түрлі: бұл қажетті ақпаратты іздеу, керекті сайттарды қарау, әр түрлі көлемдегі файлдарды көшіріп жазып алу, электрондық поштамен жұмыс істеу, мультимедиялық қосымшаларды қолдану (мысалы, бейнемәслихаттарды өткізу) және көптеген басқалары.
KazTransCom ұйымдастырған бөлінген желінің өткізгіштік қабілеті 64 Кбит/с адыммен 64 Кбит/с-тан 2048 Кбит/с-қа дейін түрленеді. Тарифтеу арнаның өткізгіштік қабілеті бойынша алынған деректердің көлемінің есепке алынуымен, сондай-ақ есепке алынбауымен жүзеге асырылады.
Бөлінген желі бойынша Интернет желісіне қолжеткізу офистің жергілікті желісін провайдердің Интерент-магистралына тұрақты жоғары жылдамдықта қосылуын қамтамасыз етеді және қосылудың жоғары сенімділігіне кепілдік береді. Бөлінген желі бойынша Интернет үлкен жергілікті желілерді қосу үшін ұсынылады.
Қызметті көрсету үшін клиентте арна құрайтын жабдықтың (RS-232, V.35, Ethernet 10/100 Мбит/с) әртүрлі қосылу интерфейстері бар жергілікті желі бағдарғылауышы бар болуы қажет.