DIAL AWAY IP қызметі
KazTransCom жалпы бірдей пайдаланылатын телефон және Интернет тармақтарына қосылу үшін VSAT Dial Aw @у ІР негізінде жер серігіндік байланыс қызметін көрсетуді ұсынады. Dial Aw@у ІР жоғары сапалы дауыс байланысын және ІР-трафигін беруді қамтамасыз етеді, бұл дәстүрлі тармақтардың қызметтері не тым қымбат, не оларға кіру қиындау жерлерде кәсіпкерлік – байланысы үшін сенімді шешім болып табылады. Әрбір терминал 3–ке дейінгі телефон арнасын және дербес компьютерді қосуға арналған Ethernet портын ұстап тұра алады.
Dial Aw@у ІР тармағы орталық станциядан, жалпыға бірдей пайдаланылатын телефондық тармақтарындағы көп өзекті шлюздардан, жер серігіндік арналардан және алыстағы терминалдардан (VSAT) тұрады. Dial Aw@у ІР тармағын басқару жүйесі орталық станция операторына алыстағы терминалдарды қадағалап отыруына және оларды басқаруға, сонымен қатар алыстағы станциялардан биллингке арналған шақырулар туралы ақпаратты жинауға (тарифтендіру) мүмкіндік береді. Dial Aw@у ІР тармағы тармағы тез орнатылады және оңай қызмет көрсетіледі. Ол ескірген инфражүйені ауыстыру үшін тамаша шешім болып табылады.
Dial Aw @у ІР негізінде мыналар қамтамасыз етіледі:
- Жоғары сапалы екі жақты дауыс байланысы.
- Интернетке жоғары жылдамдықпен кіру.
- Group 3 хаттамасының негізіндегі факсимилдік байланыс.
- Дауыс арналары арқылы деректерді беру.
- «Әркім әрқайсысымен» немесе «Жұлдыз» топологиясы.
- ТФОП-тағы көп өзекті шлюздар.
- Алыстан басқару және мониторинг.
- Өте аз тұтынылатын қуаттылық.
- Жоғары сенімділік.
- Жылдам орнатылуы.
FARAWAY қызметі
KazTransCom FaraWay сериясындағы жер серігіндік жабдығын және деректер мен дауысты беретін жер серігіндік арнасын ұйымдастыру қызметін ұсынады.
KazTransCom жер серігіндік арнасын қолдану «әркім әрқайсысымен» сұлбасы бойынша клиенттің аумақтардағы бытыраңқы офистерін қосуға мүмкіндік береді.
FaraWay қызметін көрсету жер серігіндік арна арқылы сапалы байланысқа кепілдік береді, осы қосылатын офистер арасында телефон байланысын және деректерді беруді қамтамасыз етеді. FaraWay бір шассиінің жиынтық өткізу қабілеті 128 Кбит/с құрайды, ал телефон байланысы кезінде уақытша кідіруі кез келген бағытта тармақ ішінде өте аз (бір жер серігіндік секіріс - 0,35 с) болады. Офис телефон станциясына жер серігіндік байланыс станциясын қосу қалалық желілердің сандық порттары (G.703 интерфейсі) немесе аналогтық порттар (Е&М, СО) арқылы жүзеге асырылады.
KazTransCom FaraWay жер серігіндік арнасының көмегімен байланыс тармақтарының (телефондық және/ немесе деректерді беру) инфражүйесі мүлде жоқ, сенімсіз немесе өте қымбат алыстағы және әрең жетуге болатын аудандарда орналасқан объектілерді жоғары сапалы байланыспен қамтамасыз ету міндеті шешіледі.
FaraWay жер серігіндік байланыс жүйесі «әркім әрқайсысымен» қағидасы бойынша толық байланыс (mesh) тармағының сәулетіне негізделіп ұйымдастырылған DАМА (Demand Assigned Method Access – Арнаны сауал бойынша беру) технологиясы қолданылатын коммутациялық жер серігіндік тармақ болып келеді. DАМА технологиясының артықшылығы - DАМА әдісі тармақ операторына жер серігінің қорын тиімді қолдануға, ал клиентке тек сөйлесу уақыты үшін ғана ақы төлеуіне мүмкіндік береді. Белгілі бір жер серігінің қорын бірнеше пайдаланушыға қарқынды түрде ұсыну оның құнын азайтады. Тармақтың өткізу қабілетінің мөлшері түрлі болып келеді, трафик статистикасы жергілікті жерлерде жасалады, бұл тармаққа әкімшілік жүргізу кезінде көмектеседі.



