8 800 099 0099
үшін тегін қоңырау шалу
8 800 099 0099
Телефон байланысының негізгі қызметтеріне қосымша KazTransCom қосымша қызметтер түрлерін ұсынады:
«Шұғыл желі»
Телефон тұтқасын көтергеннен кейін тек қана бір белгілі нөмірмен байланыс орнатылады. Бұл қызмет абонент өтініші бойынша KazTransCom-ның станциялық операторымен тіркеледі және жойылады.
Жеке пароль арқылы қалааралық байланысқа шығу
Қызмет абонентке қалааралық байланыс қызметін пайдалануға жеке пароль орнатуға мүмкіндік береді, бұл пароль білмейтін басқа тұлғаларға қалааралық байланыс қызметтерін пайдалану мүмкіндігін болдырмайды.
Жеке пароль арқылы халықаралық байланысқа шығу
Қызмет абонентке халықаралық байланыс қызметін пайдалануға жеке пароль орнатуға мүмкіндік береді, бұл пароль білмейтін басқа тұлғаларға халықаралық байланыс қызметтерін пайдалану мүмкіндігін болдырмайды.
Абонент жауабының жоқ болуы барысында кіріс қоңырауларын қайта адрестеу.
Абоненттің жоқ болуы барысында алдын ала берілген басқа телефон нөміріне (қалалық немесе ұялы) автоматты түрде қайта адрестеу жүргізіледі.
Абоненттің бос болмауы барысында кіріс қоңырауларын қайта адрестеу.
Абонент телефонының бос болмауы барысында алдын ала берілген басқа телефон нөміріне (қалалық немесе ұялы) автоматты түрде қайта адрестеу жүргізіледі.
Кіріс қоңырауларын шартсыз қайта адрестеу.
Барлық кіріс қоңырауларын алдын ала берілген басқа телефон нөміріне (қалалық немесе ұялы) желіге және оның мәртебесіне (бос емес немесе бос) байланыссыз автоматты түрде қайта адрестеу.
Жаңа шақырудың түскені туралы хабарлау
Қызмет клиентке бір абонентпен телефонмен сөйлесу кезінде қысқа уақыттық тондық дабыл арқылы тағы бір қоңыраудың түскендігі туралы білу және екінші абонентке ауысу мүмкіндігін береді. Сөйлесуден кейін абоненттің біріншісімен сөйлесуін жалғастыруға мүмкіндігі бар. Бұл қызмет абонент өтініші бойынша KazTransCom-ның станциялық операторымен тіркеледі және жойылады.
Конференц-байланыс
Қызмет абонентке бірден екі әңгімелесушімен сөйлесуді жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Бұл қызмет абонент өтініші бойынша KazTransCom-ның станциялық операторымен тіркеледі және жойылады.
Бұл қызмет клиентке алдын ала бағдарланған уақытта еске салатын қоңырау алу мүмкіндігін береді.
Автоқоңырау соғу
Шақырылып жатқан абонент желісі бос болмау барысында қызмет желінің босаған кезін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Клиент сигналды естиді, тұтқаны көтергеннен кейін абонентпен қосылады.
Соңғы кіріс шақыруды теру
Клавишалардың қысқа комбинациясы арқылы қоңырау шалған соңғы абонент нөміріне шақыруды іске асыру мүмкіндігі.
Соңғы шығыс шақыруды теру
Клавишалардың қысқа комбинациясы арқылы соңғы терілген абонент нөміріне шақыруды іске асыру мүмкіндігі.
«Қара тізім»
Қызмет қоңырауларына тыйым салыңған нөмірлер тізімін құруға мүмкіндік береді. Бұл ретте қоңырау шақырылып жатқан абонентте көрінбейді. Шақырып жатқан абонент «бос емес» деген сигналды естиді. Жасырын шақырулардан бас тартуды ұйымдастыру мүмкіндігі бар
Қол жеткізгісіздігі туралы хабарлама
Қызмет шақырылап жатқан абоненттің қол жеткізгісіздігі туралы хабарландырманы орнатуға мүмкіндік береді, қол жеткізгісіздік режімін орнатқан клиент телефонды шектеусіз қолдана алады.
Байланыс-топтар
Клиент корреспонденттерін топтарға (жанұя, VIP және т.б.). біріктіру мүмкіндігі. Топтардың әрқайсысына жеке шақыру мелодиясын тағайындауға болады. кіріс қоңырауларды өңдеуді топтық ретке келтіруді жүзеге асыру мүмкіндігі бар (қайта адрестеу, дауыстық хабарламалар және т.б.)
«Мазаламау» режімі
Барлық қоңырау шалып жатқандар «бос емес» сигналын естиді, «бос емес» режімін орнатқан клиент телефонды шектеусіз қолдана алады.
Жеке нөмірлеу
Клиенттің қалауы бойынша ішкі нөмірлеуді таңдау мүмкіндігі бар. 3-тен 6-ға дейінгі дәрежеде нөмірлеу жүзеге асырылады.
«Шұғыл клавишалар»
Қызмет телефон аппараты клавишаларының әрқайсысына белгілі бір телефон нөмірін бекітуге және оны басу арқылы абонентті шақыруға мүмкіндік береді.
Әңгімелесуді басқа желіге аудару
Қызмет әңгімелесуді басқа абонент нөміріне аудару мүмкіндігін береді.
Кіріс/шығыс байланысты құрсаулау/құрсаудан шығару
Абоненттің кіріс/шығыс байланысын құрсаулау/құрсаудан шығару мүмкіндігі.
Нөмірді анықтау («Caller ID»)
«Caller ID» стандартында нөмірді анықтау үшін телефон аппаратында «тұтқаны алу» керек емес. Осылайша, қоңырау шалған адам болмаған сөйлесу үшін төлемейді. Бұдан басқа, әдеттегі АНА-тан айырмашылығы (автоматты нөмір анықтағыш) ұялы телефондардың нөмірлерін қоса барлық абоненттердің нөмірлері анықталады.
Анти-нөмірді анықтау
Қызмет шақырып жатқан абонент нөмірін шақырылып жатқан абонент аппаратында анықтауға тыйым салуға мүмкіндік береді. Бұның өзінде нөмір телефон дисплейіне тіпті нөмір анықтау қызметі («Caller ID») орнатылған жағдайдайдың өзінде де шықпайды.
Интербелсенді ақпараттық-анықтамалық жүйе (IVR)
Қызмет алдын ала жазылған сөзді қолдана отырып оператордың қатысуынсыз кіріс шақыруларға жауап беру, абоненттерге қажетті ақпаратты жеткізу, автожауап режімінде жеке қызметтер түрін ұсыну, абоненттен оның шақыруларын өңдеуге қажетті қосымша деректерді сұрау мүмкіндігін береді.
«Pick-up» тобы
«Pick-up» тобындағы кез келген нөмірлерге түсетін кіріс қоңырауларын қабылдай алатын телефон желілерінің тобын ұйымдастыру. Әр нөмір бірнеше «Pick-up» тобында бола алады.
«Hunt» тобы
Шақырылып жатқан абоненттің қол жеткізгісіздігі барысында қоңырау белгілі сұлба бойынша қайта адрестеледі. Екінші желінің жеткізгісіздігі барысында қоңырау бұдан әрі тізбек бойынша қайта адрестеледі.
Жауапты музыкамен күту
Қызмет шақырылып жатқан абонент жауабын күту барысында орнатылған кез келген музыкалық файлды немесе дауыстық хабарламаны тыңдау мүмкіндігін береді.
Сериялық нөмір
Барлық кіріс қоңыраулары үшін бірнеше желіні бір нөмір астына біріктіру мүмкіндігін береді.Телефон станциясы бұның өзінде бос желіні өзі табады. Компания клиенттері офистің бірнеше телефон нөмірінің орнына тек қана бір телефон нөмірін еске сақтайды.
Дауыстық пошта
Қызмет пайдаланушыларға дауыстық хабарламаларды құру, сақтау, жіберу және қабылдау мүмкіндігін береді. Әр абонентке парольмен қорғанған пошта жәшігі ұсынылады. Клиент дауыстық поштаға шартты немесе шартсыз қайта адрестеуді өз бетінше орната алады. Жүйе шақырулар үшін жауап береді және клиент жоқ болғанда немесе ол бос болмағанда хабарламаны қабылдайды, хабарламаны абоненттің пошта жәшігіне жібереді.