Бүгінгі мультимедиялық трафиктің сипатының және оған мультисервистік қызмет көрсету қажеттіліктерінің себебінен дәстүрлі байланыс желілерінің мүмкіндіктерінің шегінен шығу бүкіл желілік құрылымды түбегейлі қайта құруға әкелді, соның нәтижесінде келер буын желісінің NGN (Next Generation Network) концепциясы пайда болды.
NGN сәулеті мен қызметтеріне біржақты түсінікті телекоммуникациялық қоғамдастық әлі тапқан жоқ. Әйтеуір, осы мақала жазылған сәтте солай болған және жақын алдағы болашақта жағдаятқа қатысты әлдебір дәмеге малдануға бола қоймас: байланыс желілері конвергенцияның орынды процессі жүріп жатыр.
Деректер табыстау желілерінің тұрғысынан NGN — келесі буынның Интернет желілері. Ұялы байланыс желілерінің тұрғысынан ол буынға тіпті 3G нөмірі берілген. Дәстүрлі телефония тұрғысынан NGN бүгін кеңжолақты абоненттік қатынауды және трафикке мультисервистік қызмет көрсетуді қолдайтын, бағдарламалық коммутатордың (Softswitch) басқаруындағы пакеттік коммутация желісі ретінде қабылданады. ITU және ETSI айқындалған NGN жалпы сипаттамалары ақпаратты тасымалдау функциялары мен ақпаратты желі арқылы тасымалдауды басқару функцияларын бөлектеу, сондай-ақ қызметтер мен қосымшалардың функцияларын табыстаудың тасымалдау желісінің функцияларынан ажырату болып табылады.
Сонымен, сөз үлескен сәулет туралы болып отыр, онда компоненттердің арасындағы байланыс тек қана ашық интерфейстер арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде Астана қаласында өрістетіліп жатқан мультисервистік желі жоғарыда аталған барлық талаптарды қанағаттандырады. Аталған желінің құрылымдық сұлбасы суретте берілген.

Аталған желінің өзгеі SURPASS hiE9200 бағдарламалық коммутаторы болып табылады, NGN жабдығының нарығында дүниежүзілік көшбасылардың бірі Siemens компаниясы өндірген. Бағдарламалық коммутатор төмендегідей функционалдық модульдерден тұрады:
- Call Agent SURPASS hiE9200 — желідегі барлық қосылыстарды басқару үшін жауап береді;
- hiG1600 медиа-шлюзы — коммутацияланатын ортақ пайдаланыстағы телефон желісімен шлюздың функциясын (PSTN) қамтамасыз етеді;
- HiR220 медиа ресурстар сервері — дыбыстық құлақтандыруларды қамтамасыз етуге арналған;
- (SBC) HiG50 шекаралық дыбыстық қосылыстар контроллері — оператордың желілік инфрақұрылымын қорғау үшін қолданылады және шекаралас VoIP желілермен желіаралық алмасуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ желілік мекен-жайларды (NAT) қайта құруды қолдайды;
- SURPASS hiQ4200 қосымшаларының SIP сервері — бизнес абоненттерге SIP протоколын қолданып, қосымшалардың кеңейтілген санын ұсынуды қамтамасыз етеді.
Анықтама: SIP протоколы — қолданбалы деңгейдегі мәтінге бағдарланған протокол, түрлі байланыс сеанстарын, соның ішінде мультимедиялық конференциялар, телефон қосылыстарын, мультимедиялық ақпаратты кеңхабарлық таратуды және пайдаланушыларды түрлі қосымшалармен қосуды ұйымдастыруға, модификациялауға және аяқтауға арналған.
NGN желісінің өте маңызды компоненттерінің бірі мультисервистік қатынау тораптары (MSAN) болып табылады. SURPASS hiX5630 мультисервистік қатынау торабы — 10 слот бар жүйе, оған төмендегі абоненттік желістік платаларға арналған 8 әмбебап абоненттік слот кіреді: кез келген құрамдастықта 72xADSLII+, 48xSHDSL, 40xVDSL, 72xPOTS, 32xISDN, 16xFast Ethernet және 8xGigabit Ethernet.
NGN желісінің тасымалдау инфрақұрылымы ретінде Cisco Systems өндірген Catalyst 7600 жабдығында құрылған IP/MPLS желісі қолданылады. Аталған жобаны біздің компания жүйелік интегратор — ABS компаниясының мамандарымен бірлестікте әзірледі және орындады.
Анықтама: MPLS (Multi protocol Label Switching) — таңбалар бойынша мульти протоколдық коммутация) — деректер табыстау механизмі, арналар коммутациясы бар желілердің әртүрлі сипаттарын пакеттер коммутациясы бар желілердің үстінен эмульдайды. MPLS арналар коммутациясы бар желілердің де, сондай-ақ пакеттер коммутациясы бар желілердің де клиенттері үшін әмбебап деректер табыстау қызметін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. MPLS көмегімен IP-пакеттер, ATM, SONET және Ethernet кадрлары секілді алуан жаратылысты трафикті табыстауға болады.
NGN желісі абоненттердің алдынан кең мүмкіншіліктер ашады — тек қосымша байланыс қызметтерінің көп санын пайдалануға ғана емес, сонымен бірге меншікті қызметтерді құруға (Интернет арқылы қызметтерге және бизнес абоненттер деңгейіндегі әкімгерлік, бизнес абоненттердің топтары үшін трафикті өлшеу және тарифтендіру) да мүмкіндік береді. Соңғы жағдайда абонент әкімгер ретінде болады және қосымша қызметтерді ұйымдастыру үшін бірыңғай ақпараттық ортаны пайдаланады. NGN желісінің енді бір мүмкіндігі — нақты абонентке арналған қызметтерді дербестендіру және тұтынушының күтісіне сәйкес қызметтер жиынын қалыптастыру болып табылады.
Жаңа буынның NGN желісінің басқа маңызды артықшылықтарының қатарында — деректер табыстаудың жоғары жылдамдығы, жылжымалылық (пайдаланушының деректерге қатынауы оның тұрған жерінен тәуелсіз жүзеге асырыла алады), даралық (қызметтерге кез келген уақытта қажетті көлемде және контент беру пішімінде қатынауға болады), ортанқолдылық (жарамды баға, қолданылатын жабдықтың типіне қатысты икемділік).
NGN желісін дамытуды сатылап жүргізу жоспарланып отыр. 2006 жылы қызметтердің төмендегідей түрлері ұсынылады: ортақ пайдаланыстағы, қалааралық және халықаралық байланыстың телефон желісіне қатынау, қосымша қызметтердің негізгі пакеті (Basic Centrex). 2007 жылдан бастап қосымша қызметтер түрлерін сатылап енгізу жоспарланған.
Астана қаласында NGN желісін іске пайдалануға қосу «KazTransCom» АҚ-на тарифтерді төмендету және Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметтерін жаппай енгізу тұрғысынан Қазақстан Премьер-министрінің бүгінгі тапсырмасына және ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі жүргізетін іс-шараларға сай міндеттерді іске асыруға мүмкіндік береді.



