Қорытындыдан хабардар болу, командада қызмет ету қабілеттілігі, клиенттен хабардар болу — бұл біздің Компаниямызда қызмет еткісі келетін кандидаттардың ие болуға міндетті негізгі қабілеттіліктері.
Жұмыс жағдайлары:
Жұмыс графигі: 9:00-ден 18:00-ге дейін
Лауазымдық еңбекақы: еңбек шартына сәйкес жұмысқа қабылдау кезінде белгіленеді.
Жыл сайынғы еңбек демалысы: 28 күнтізбелік күн
Мүмкіншіліктер: Компания есебінен мамандықты көтеру.
Реквизиттер:
Тел.: 2377-505
E-mail: hr@kaztranscom.kz
Заңгер
Талаптар:
- Жоғарғы заңгерлік білім, 1-3 жастан кем түспейтін заңгерлік мамандық бойынша қызметтік тәжірибе, қолданыстағы азаматтық заңнаманы, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, байланыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін, табиғи монополияларды, мемлекеттік сатып алуларды, бәсекелестікті, қаржылық құқықты білу, мемлекеттік тілді білу, ДК сенімді пайдаланушысы: MS Office, Internet.
- Жеке қабілеттері: жауапкершілік, мұқияттылық, командада қызмет ету қабілеті, сендіру мен өз пікірін қорғай білу, даулардан алшақ болып, оларды шеше білу қабілеті, көрнекілік, нәтижеге нысаналы болу.
- Жас шамасы: 25-тен 45 жасқа дейін
Міндеттері:
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің сұрауы бойынша Қоғам қызметінің барысында пайда болған құқықтық мәселелер жөніндегі қорытындыларды дайындайды.
- Өз құзырлығы шегінде Қоғамдағы ішкі құқықтық құжаттарын әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады.
- Қоғам атынан өкілдікке сенімхаттарының жобаларын дайындайды, олардың тіркелуін және берілуінің есебін электрондық және қағаз түрінде жүргізеді, сондай-ақ олардың көшірмелерін сақтайды.
- Талдау жүргізеді және Заң бөлімі бастығының тапсырысы бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелері назарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілетін ағымдағы өзгерістер мен толықтыруларды жеткізеді және оларды өз қызметінде қолданады.
- Қоғам шарттарының, келісім-шарттарының, келісімдерінің жобаларын әзірлейді нмесе әзірлеуге қатысады.
- Қоғамның ішкі актілеріне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қоғам шығаратын бұйрықтардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді.
- Қоғам басшылығының тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау және сот органдарында Қоғам мүдделерін білдіреді.
- Қоғамның Бас офисінде дағуа-шағымдық жұмысын және бұл жұмысты Қоғам филиалдары бойынша үйлестіру жұмысын жүргізеді.
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен шеттегі ұйымдардың сұранымдарына жауаптарды дайындайды.
Операторлармен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы:
Талаптар:
- Жоғарғы техникалық/экономикалық/гуманитарлық білімі, сату саласында қызмет ету тәжірибесі 3 жылдан кем емес, ағылшын тілін білудің жақсы деңгейі: сөйлеу дағдысы. Телекоммуникацииялық компанияда қызмет ету тәжірибесі, телекоммуникациялық бәсекелес ортасының нарығын білу, басқару орнында қызмет ету тәжірибесі.
- Жеке қабілеттері: нәтижеге нысаналы болу, командада қызмет ету қабілеті, сендіру мен өз пікірін қорғай білу, жауапкершілік, ынталылық, атқарушылық, дауларды шеше білу қабілеті, кездесулерді ұйымдастыру және келіссөздерді жүргізу дағдылығына ие болу.
- Жас шамасы: 25-тен 35-ке дейін
Міндеттері:
- Бөлімнің сату жоспарын орындау;
- Байланыс операторларымен қарым-қатынастардың даму стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру;
- Байланыс операторларымен келіссөздер жүргізу;
- Жаңа бағыттар мен қызметтердің пайда болғандығы жөнінде байланыс операторларын ақпараттандыру;
- Байланыс операторларымен қызметтерді ұсыну және сатып алуға шарттарды жасасу және олардың кейінгі жүргізілуін жүзеге асыру;
- Операторларға шоттарды белгілеуге бақылау жүргізу;
- Телекоммуникациялық конференцияларға, байланыс операторлардың кездесулеріне қатысу, операторлармен қарым-қатынас мәселелері бойынша Мемлекеттік органдарымен жұмыс жүргізу;
- Байланыс операторларымен жұмыс жүргізу бөлімін басқару.
Операторлармен жұмыс жүргізу бойынша менеджер
Талаптар:
- Жоғарғы білім (байланыс саласында болса игі еді), телекоммуникациялық компанияларда қызмет ету тәжірибесі 2 жылдан кем емес, телекоммугикациялық технологиялардан хабардар болу, ДК сенімді пайдаланушысы.
- Жеке қабілеттері: жауапкершілік, мұқияттылық, командада қызмет ету қабілеті, сендіру мен өз пікірін қорғай білу, даулардан алшақ болып, оларды шеше білу қабілеті, көрнекілік.
Міндеттері:
- Сату жоспарын орындау;
- Келіссөздерді және байланыс операторларына арналған алғашқы таныстыруларды жүргізу;
- Жаңа бағыттар мен қызметтердің пайда болғандығы жөнінде байланыс операторларын ақпараттандыру;
- Қызметтерді ұсыну және сатып алуға байланыс операторларымен шарттарды жасасу және олардың кейінгі жүргізілуін жүзеге асыру;
- Операторларға шоттарды белгілеуге бақылау жүргізу;
Телекоммуникациялық конференцияларға, байланыс операторлардың кездесулеріне қатысу, операторлармен қарым-қатынас мәселелері бойынша Мемлекеттік органдарымен жұмыс жүргізу;
- Шоттарды белгілеу, қажетті құжаттарды дайындау, барлық кіріс есеп берулерін дайындау.
Жетекші экономист-трафикатор
Талаптар:
- Жоғарғы білім, баға белгілеудің прициптерін, байланыс саласындағы тарифтер мен нормативтерін есептеуді білу, телекоммуникациялық қызметтердің өзіндік құнын есептеу тәжірибесі, нормативтік және регламенттік құжаттарын әзірлеу тәжірибесі, MS office өте жақсы білу, телекоммуникациялық компанияларда қызмет ету тәжірибесінің болуы игі еді, мемлекеттік тілді білу.
- Жас шамасы: 25-тен 45-ке дейін.
Міндеттері:
- Тарифтік саясатты әзірлеу бойынша ұсыныстар жасау;
- Тарифтік жоспарлардың салыстырмалы талдауын, құндық саясат саласында Қоғамның нарықтағы бар болып табылатын орнына талдау жүргізу, есептік құжаттаманы және аналитикалық анықтамаларды құру.
- Клиенттерге арналған арнайы тарифтер мен жеңілдіктерді әзірлеу;
- Телекоммуникациялық қызметтердің өзіндік құнын есептеу;
- Қаржы-экономикалық қызметке талдау жасау;
- Бар болып табылатын тарифтерге талдау жасау.
Инженер
Талаптар:
Телекоммуникациялық технологияларды және деректерді таратудың қазіргі заман желілерінің, телефонияның, қауіпсіздік жүйелердің (ҚБЖ, CCTV), СКС, ТОБЖ жабдықтарын білу. 3 жылдан басталатын қызмет ету тәжірибесі. Телекоммуникациялық жабдықты бөлшектеу және іске қосу-реттеумен байланысты қызмет ету тәжірибесі немесе телекоммуникациялық саладағы жоғарғы білімі. Ағылшын тілін білудің жоғарғы деңгейі: сөйлеу дағдысы, телекоммуникациялық терминологиясын білу, іскерлік жазбаны жүргізу қабілеті, есептерді ағылшын тілінде дайындау қабілеті. Еңбек тәртібінің жоғарғы деңгейі.
Міндеттері:
- Телекоммуникациялық жүйелерді әзірлеу және енгізуге байланысты жобалық құжаттаманы (сызбалардың, рәсімдердің және құжаттардың) жасау:
- Деректерді тарату жүйелері
- Телефония
- Талшықты-оптикалық байланыс жүйелері
- Қолжеткізуді бақылау жүйелері
- Радиожүйелер
- Өндірістік байланыс жүйелері
- Жобалық құжаттаманы тексеру (соның ішінде мердігерлерден келіп түсетіндерін)
- Телекоммуникациялық жабдықтың кіріс бақылауын ұйымдастыру және жүргізу;
- Телекоммуникациялық жабдықтың зауыттық сынақтарын ұйымдастыру және жүргізу
- Телекоммуникациялық жабдық бөлшектеуінің және қосылуының жобалық құжаттамаға сәйкес келуін тексеру.
- Мердігерлер тарапынан болған сәйкессіздіктер мен түзету әрекеттерін тіркеу;
- Жобалық құжаттаманы бөлшектеу барысында пайда болған өзгерістерге сәйкес түзету;
- Жүргізілген жұмыстар, анықталған сәйкессіздіктер, жабдықтардың бұзылулары және т.б. жөніндегі есептерді дайындау.
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша менеджер
Талаптар:
ISO 27001 халықаралық стандартын білу, ақпарттық қауіпсіздікті басқару немесе өзге халықаралық стандарттар саласында қызмет ету тәжірибесі.
Міндеттері:
Компания бойынша ақпарттық қауіпсіздіктің қажетті іс-шаралары мен құралдарын енгізу және қолдау, компания бойынша АҚ қауіп-қатерлеріне талдау жүргізіп, баға беру, БО құрылымдық бөлімшелерінде және АҚ бойынша жауапты тұлғаларының және Қоғам филиалдарында АҚ бойынша жауапты тұлғаларының қызметін үйлестіру.
Жетекші инженер:
Талаптар:
- MS Windows, Linux серверлік операциялық бағдарламаларын, администратор деңгейінде деректерді сақтаудың дисктік, таспалық жүйелерін білу.
- Бағдарламалаудың, скрипттерді жазудың дағдылары.
Міндеттері:
- Аймақтық таратылған 15 серверлерін және биллинг жүйесінің ДСЖ-ін администрациялау және қолдау;
- Деректердің резервтік көшірілуін бақылау және реттеу;
- Деректерді жедел қалпына келтіру;
- Серверлерге келіп түсетін деректердің ағымдарына бақылау жүргізу;
- БҚ, жаңартуларды орнату, биллинг пен MS Windows и Linux серверлік операциялық жүйелерінің қосымшаларын реттеу;
- Биллинг жүйесінің қызметіндегі келелі мәселелерді жедел анықтау және жою.
Қосымша ақпарат:
Ғаламдық масштабтағы операторлық класстың биллинг жүйесін қолдау және дамыту бойынша жауапты және қызықты жұмысы.