Is your region - Almaty?
Yes    
+7(727)237-77-77
info@kaztranscom.kz
Is your region - Almaty?
Yes    
 конфигуратор

«Күзгі кинотеатр» 09.11.2016


«Тәлімгерлер» жобасының аясында біздің бастамашыл топ № 2 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Күзгі кинотеатр» шарасын ұйымдастырды.

Попкорн, пепси и пицца — киноға көруге барған жандардың басты қарулары. Ал егер тағамдардың мөлшерін сан жетпестей етіп көбейтетін болсақ?) Ендеше әр баланың асқақ арманы орындалар. Біздің басты міндетіміз осы арманды шынайы өмірге айналдыру, «Вуаля!», дайын!

Балалар үйінің акт залының дәл ортасында, ертегілердей, үлкен попкорн әзірлейтін ғажайып машина пайда болды. Бұл құрылғы, тоқта демегенше, тоқтамайды. Балалардың көзінше, ұсақ жүгері түйіршіктерін дәмді шар тәрізді попкорнға айналдыра отырып, залдың ішін жұпар иістерге толтырды. Былайша айтқанда, «KazTransCom» АҚ қызметкерлері жасанды кинотеатрымызға жолды күзетшілер нұсқаулығы арқылы емес, аңқыған попкорн иісімен тауып жатты. Бұл тәтті шарларымыздан басқа,  пиццалар да үйіліп төгілуде. Және әрине, сусындар да аз болмады.

Балалар әрине алдымен ұялсынып, орындарына отырып, фильм көруге дайындала бастады. Бірақ осы дәмділердің барлығы олар үшін дайындалғанын байқаған олар, попкорн шариктерін ауыз қуыстарында армансыз қытырлатты. Барлығы шынайы.Шынымен де кинотеатрда отырғандай.

Айта кететін болсақ,  зал  қажетті құралдармен жабдықталып, тамаша экран,  дыбыс сапасы және орналастырылған орындықтар саны осындай жағдайлар үшін әбден лайықты болып шықты.

Зверополис қалашығының тұрғындарымен бірге қуана отырып, қайғырып та алдық.  Туындыны аудиториямызға сай таңдадық. Кейіпкерлердің орындарына өзімізді қойып көріп,  қылықтарына тоймай бірге күліп, кешті өте қызықты өткізуге тырысып бақтық.

Әрине, фильмді бастамай тұрып,  кішігірім ресми бөлімін, сеанстың ашылу салтанатын өткіздік. Компания атынан осы жобаның өмірге келуіне себепші, ұйымдартырылуына ұйтқы болған -  Қоғамның Бас Директорының коммерция жөніндегі орынбасары Алибаева Айсұлу бірер сөз сөйледі.

Ең бастысы бұл емес, бастысы – біз осы кішігірім шараларды ұйымдастыра отырып, бізге сенім артқан балалардың үмітін ақтай отырып, олардың көтеріңкі көңіл күй, күлкі және махаббатына бөлендік. Олардың әрқайсысы аңсаған арманына жетуіне тілектеспіз.

P.S. Тәрбиеленушілердің арасынан біз тәтті қылықты балалардан басқа, мына “мұртты» досымызды кездестіргенімізге де таңырқап қалдық.