Is your region - Almaty?
Yes    
+7(727)237-77-77
info@kaztranscom.kz
Is your region - Almaty?
Yes    
 конфигуратор

«Қазақстандағы ақылға қонымсыз интернет-тарифтер» - Бақыт Қайрақбай» 24.07.2015


Әлемдік сауда ұйымына енгеннен кейін қазақстанның телекоммуникация нарығынырықтандыру (либерализация) күтіп тұр. 2018 жылы шетелдік капитал бойынша 49 пайыздық шектеу толықтай алынып тасталуы керек. Бұл жерде жалпы ережелерден тыс – «Қазақтелеком». Яғни, инвестициялар үшін толықтай мүмкіндік ашылады және шетелдік телекоммуникациялық компаниялар қатысады. Экономикалық біріктіру істері бойынша министр Жанар Айтжанованың айтуынша, бұл қызметтер сапасы мен тұтынушы үшін соңғы бағаларға оң ықпал етеді.

Мұнымен қоса, кедергілер мен шектеулердің алынып тасталуы, жергілікті ойыншыларға нарықтан ығысуына жол ашуы мүмкін. Келе жатқан ырықтандыру туралы «Радиоточка» сұрақтарына  «КазРена» Қауымдастығының бас директоры Бақыт Қайрақбай жауап берді.

Интернет деректерді жолдау желісі ретінде ақпарат алмасу үшін ғылыми-білім беру ұйымдарының қажеттілігі артуы нәтижесінде батыста пайда болды. Сәйкесінше, мұны қоғамның технологиялық-ақпараттық дамуы үшін стратегиялық маңыздылығын бағалай келе, мемлекет ғылыми білім беру желілерінің телекоммуникациялық инфрақұрылымын құруға нормативті және қаржылай қолдау көрсетті. 1990 жылдардың екінші жартысында Әлемдік ғаламтор кең дамып және коммерциялық сипатқа ие бола бастағаннан кейін (көптеген адамдардың пікірінше, «ақпараттың мол қоқыс қоймасына» айнала бастады) бұл іске стандартты телекоммуникациялық провайдерлер белсенді қосыла бастады. Яғни, алдымен мемлекетпен ғылыми-білім беру коммуникациялық инфрақұрылымы мен сәйкес ұлттық білім беру провайдерлері құрылып, содан кейін коммерциялық коммуникациялық провайдерлер есебінен кеңи бастады. Бірақ бұл Батыста....

- Ал Қазақстандағы жағдай қандай?

 

- Қазақстанда барлығы керісінше. Барлық коммуникациялық инфрақұрылым жоғары дара иелікке өткен («Қазақтелеком») Тек жақында ғана альтернативті коммуникациялық инфрақұрылым құруға талпынып жүрген бірнеше компаниялар пайда болды («Казтранском», «Билайн» және т.б). 

Бұл жағдайда ұлттық ғылыми ақпараттық қатынастағы бәсекеге қабілеттілі санға кіру үшін қажетті фактор болып табылатын бюджетті ғылым-білім беру саласының дамуы, іс жүзінде өз бетімен кетті, ешқандай нақты мемлекеттік қолдау алған жоқ (Қазақстандағы ғылыми-білім беру  желісін дамытуға арналған қандай да бір мемлекеттік бағдарламалар болған жоқ) және интернетке қол жетіміділікті ұсынуда коммерциялық жағдайға бейімделуге мәжбүр. Барлық мүмкіндіктер монополистерге тиісті болғандықтан, коммерциялық емес провайдерлердің мемлекеттік сатылым тендерлерінен ұту мүмкіндіктері төмен екендігі түсінікті.

Цифрлар мен мысалдар келтірсек?

– Шартты есептік мысал: Еуропаға дейінгі (5000 километр) 100 мегабит/сек жылдамдықтағы каналды жалға алу құны коммерциялық емес провайдер үшін айына 300 мың теңге тұрады, ал сол жылдамдықтағы  клиентке дейін ұзындығы 1 километр оптикалық тармақты каналды жалдау құны (әдетте, аймақтық монополистке тиесілі болатын мүмкіндік) айына дәл жаңағыдай 300 мың теңге тұрады. Сонымен қатар басқа да әрекеттік және күрделі шығындар бар! Айырмашылығын байқадыңыз ба? Мұндай жағдайда қандай бәсекеге қабілеттілік, жетістік пен даму туралы сөз болуы мүмкін?!

Сондықтан тұжырым қарапайым: Қазақстандағы ғылыми-білім беру ақпараттық жүйесін дамыту үшін, әсіресе, ӘСҰ кіру жағдайында, қандай да бір мемлекеттік бағдарлама немесе  нормативті шаралар мен қаржылай қолдау түріндегі мемлекет қолдауы қажет. Әйтпесе, ақпараттық қоғамдастық құру ісінде әрқашан «артта қалған және қуып жетуші» рөліндегі екінші тарапты ел болып қаламыз.

Телекоммуникация саласын ырықтандырудан сіздің күтетіңіз?

– Коммерциялық тұтынушы тұрғысынан күтетінім өте позитивті, себебі бәсекелестік интернет-тарифтерді төмендетуі керек. Қарапайым батыс тұрғыны ретіндегі көзқарасым бойынша Қазақстанда интернет-тарифтер ақылға сыйымсыз. Бизнес үшін де позитивті, себебі, бұл көбірек айналысқа түсуге, дамуға және тұтынушы үшін күресуге мәжбүр етеді. Талдау шолуы бар -  10 жыл бұрынғы – ӘСҰ кіру салдары бойынша телекоммуникациялық сектор үшін, экономикалық үлгілеу негізінде көрсеткендей, орташа жоспарда сектордың көлемі 10 пайызға, жұмыспен қамтумен бірге бірнеше пайызға өседі. Бірақ бұл үлгілеу, атап айтсам, ғылыми-білім беру инновациялық ортасынан шыққан технологиялық инновацияларды ескермейді.

Мен, басым көпшілігі сияқты, ӘСҰ келісімінің мәтінімен таныс емеспін, бірақ стандартты үрдістерде әдетте, ырықтандырудағы маңызды мәнге нарықты реттеу бойынша шаралар ие болады, нақтырақ: нарықтың барлық қатысушыларының жалпы қолдану желісіне тең қол жетіміділік пен жеңілдетуді қамтамасыз ету. Бұл, менің ойымша, Қазақстанның дара иеліктегі интернет коммуникация нарығы жағдайында сын көтермейді.

– Байланыс үшін адамдардың уақтылы төлейтіні түсінікті, бірақ шетелдіктерді қазақстандық нарық расымен де қызықтырады ма? Ел үлкен болғаныменхалқы көп емес...

– Жалпы сыйымдылық тұрғысында біздің интернет-нарығымыз салыстырмалы түрде тек көрші ресейліктерді ғана қызықтыруы мүмкін, сонымен қатар басқа ортаазиялық республикалармен салыстырғанда Қазақстандағы интернет-трафик басқа ортаазия елдеріндегі сабақтасқан трафиктен бірнеше есе асып түседі. Ал, глобальды тұрғыдан,бұл трафик өте көп те емес, себебі қазақстандық интернет сегменті (Қазнет) мен оның контентін жеткілікті түрде дамыған және заманауи деп атауға ауыз бармайды. 

– Үлкен елдер қатарында – ӘСҰ мүшелері телекоммуникация нарығына шетелдік компаниялардың қатысуы жергілікті компаниялар  қатысқан жағдайда  шектелген. Бастапқы этапта коммерциялық қатысымды мұндай формада  шектеу «пайдалы» ма?

– Мен нақты мұндай «пайдалы» шектеуді сипаттай алмаймын, себебі оған «Қазақтелеком» кірмейді, және оны нақты айту үшін аталған ӘСҰ кіру туралы келісімнің мәтінінде қандай алынулар бар екенін білу қажет. Аталған шектеудің өзіне қатысты  айтарым: «Билайн Казахстан» үш компаниядан тұрады – «КарТел», 2DayTelecom мен TNSPlus. «Кар Тел» қатысушылары Швейцария мен Кипрде тіркелген. Сондықтан мұндай шектеулерді орынды деп есептемеймін

Саяси мағынада либералдарды сөгуге болады, ал елдің телекоммуникация нарығын ырықтандырудың «әлсіз жерлері» қандай? 

– Бұл жағдайда ырықтандыру бойынша шаралардың нақты тізімін білу керек. Бірақ, жалпы көзқарастық тұрғыда, ұлттық ғылыми-ақпараттық еркіндікті қолдау мен дамыту үшін Қазақстанның сәйкесінше ғылыми-технологиялық секторларына, әсіресе, отандық ғылыми-білім беру саласы мен желісіне нығайтылған қолдау менғылыми-ақпараттық инновацияларды құру қажет.

ПарызБайтенов

Дерек көз: Радиоточка