Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
+7(727)237-77-77
info@kaztranscom.kz
Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
 конфигуратор

«KazTransCom» АҚ жоғарғы әдептілік стандарттары мен бизнесті адал және айқын жүргізу принципін ұстанады. Корпоративті басқарудың ең үздік тәжірибесінен үлгі аламыз әрі іскерлік беделіміздің деңгейін түсірмеуге мүдделіміз.

Бірігіп жұмыс жасау және кез-келген әдепсіздік тәжірибеге қарсы шығу арқылы компания ішінде әлдеқандай бұзушылықтарды анықтап, оның алдын алуға тікелей атсалысамыз, сонымен қатар, ынтымақтастық, сенім мен сыйластыққа негізделген клиенттерімізбен және серіктерімізбен құралған ұзақ мерзімді әрі сәтті арақатынасымызға кері әсер ететін себептерді де жоямыз».

«KazTransCom» АҚ Бас директоры
Андрей Хан



Ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы туралы хабарлау

«KazTransCom» АҚ ISO 27001 халықаралық стандарттар талаптарына сай компанияның ақпараттық активтерінің қауіпсідігі мен клиенттік ресурстың деңгейн көтеруге ұмтылады.

Ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы келесідей болуы мүмкін: қызмет көрсетуден бас тарту, ақпараттың құпиялылығын сақтамау, шарттың міндеттерін орындамау, жабдық ұрлау, рұқсатсыз қолжетімділікке ие болу, Қоғамның ақпараттыұ ресурстары мен жүйелеріне қиянат жасау, телекоммуникациялық құрылғыларды пайдаланып алаяқтыққа бару, ИТ саласындағы қауіпсіздік мәселесі және т.с.с. Ақпараттық қауіпсіздікке байланысты белгілі фактілерді осы жерде хабарлай аласыз.

Сіздің хабарламаңызды Жетекші ақпараттық қауіпсіздік менеджері қарайтын болады.

Хабарлау

Еңбек пен экологияны қорғау бойынша оқиғаны хабарлау

Адам және қоршаған орта қауіпсіздігі «KazTransCom» АҚ артықшылықтардың бірі болып табылады.

Біздің Компания Қазақстан Республикасы бойынша OHSAS 18001 и ISO 14001халықаралық стандарттар бойынша сертификат алғандардың бірі, демек, адам қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, экожұйені сақтау әрі қорғау үшін; Қазақстан Республикасындағы табиғат, қоғам және экономиканы дамыту және үйлесімділік құру үшін шамасы келгенді істейді.

Егер сіз, өндіріс салдарынан апат қауіпі туындағанға, немесе қоршаған ортаға, адам денсаулығына, мүлікке зиян келтіретін қалдықтарды дұрыс пайдаланбағанға куә болсаңыз, шұғыл түрде осы жерден хабарласуыңызды сұраймыз

Сіздің хабарламаңызды Еңбек пен экологияны қорғау қызметі қарайтын болады.

Хабарлау

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау

«KazTransCom» АҚ адал әрі ашық бизнес жүргізеді, еркін нарық пен адал бәсекелестік принципін сақтайды. Компания Әдептілік Кодексі мен сыбайлас жемқорлық саласындағы Саясатты қолданады.

Компанияда сыбайластықтың барлық түріне (бопсалаушылық, парақорлық, нысандылықты жеңілдету мақсатында сыйлық беру/алу, непотизм мен тамыр-таныстық, алаяқтық, ақшаның ізін жасыру және т.б. ) қатаң тыйым салынған.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және ондай жағдайды анықтауға үлес қосу үшін мына жерден хабар қалдырыңыз

Сіздің хабарламаңызды Қауіпсіздік департаментінің директоры Сыбайластыққа қарсы күрес комитетінің Төрағасы қарайтын болады.

Хабарлау




«KazTranscom» АҚ сенімді серік әрі жоғары сапалы телекоммуникациялық қызметтерді жеткізуші беделінде, сондықтан барлық корпоративті саясатты іске асыру жолымен адал бизнес жүргізеді. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, ақпараттық қауіпсіздік, қоршаған ортаны және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар мен әдепсіздік іскерлік тәжірибеге қарсымыз. . Ақпараттық қауіпсідік, еңбек пен экологияны қорғау, сыбайластық фактілерін байқап қалған жағдайда өз қызметкерлеріміз, клиенттеріміз, серіктеріміз бен өзге де мүдделі тұлғаларды аталған бұзушылықтар туралы хабарлауға үгіттейміз.

Ондай мәселені хабарлау үшін қосымшалардың бірін пайдалана отырып, еркін нысанда хат жолдаңыз. (жоғарыда ).

Сіздің хатыңызды өндеу құпия өтеді. «KazTransCom» АҚ-да бұзушылықтарды хабарлағанға байланысты ізге түсуге тыйым салынған. Келіп түскен хаттар бойынша тергеу жүргізіліп, 10 (он) жұмыс күні ішінде сізге жауап қайтарылады.

Бұзушылықтарды хабарлау арқылы бизнесті жауапты жүргізуге үлес қосасыз.