Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
+7(727)237-77-77
info@kaztranscom.kz
Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
 конфигуратор

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

 

«KazTransCom» Акционерлік Қоғамы - телекоммуникациялық қызмет көрсетулердің және  ақпараттық технологиялар саласында қызметтердің кең спектрін ұсынуға мамандандырылған ірі байланыс операторларының бірі.

Біздің қызметіміздің принципі байланыс — бұл тек жабдық пен технология ғана емес, бұл ең алдымен адамдар және идея, бұл ынтымақтастық, кез келген мақсаттарды шешуге және клиенттердің  табыстарына арқа сүйеуге даярлық екендігінен құрылған.

 
 
 

Компания күрделі заттарды қарапайым, ал озық технологияларды бастапқы ете отырып, өз клиенттерінің уақыты мен күшін үнемдей келе оларды қызметтердің техникалық бөлшектеріне зейін салу қажеттілігінен босатады.

Телекоммуникация саласының даму үрдістеріне сүйене отырып, KazTransCom - кәсіби шеберлік, сенімділік, нәтижелілік сынды өз негізін қалаушы қағидаттарын үнемі таңдайды.

Тұрақты даму, бай тәжірибе, терең білім мен озық ақпараттық технологиялар - клиенттердің өскелең қажеттілігін дамытуға және әр түрлі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.Қойылған міндеттерді шешу үшін жиі қолданылатын түйінді құндылықтар қатарына клиенттердің құрметі мен сенімі жатады. Ал өзара қарым – қатынас сапалы жедел сервис, клиенттердің қажеттіліктерін түсіну және ашық қатынасу арқылы құралады.   

KazTransCom тіркелген өнімдер жиынтығын ұсынумен шеткеліп ғана қоймай, сонымен қатар тапсырыс берушінің қажеттіліктеріне сай қазіргі заманғы АКТ шешімдерін құруға бейімделген. Әзірленген ICT360 стратегиясы жүйелік интеграциядан бастап, «кілтті» кез келген телекоммуникациялық жобаларды орындау, байланыстың барлық түрімен қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету сынды  қызметтердің толық циклін қамтиды. Бұл ретте, комапния базалық деңгейде техникалық қолдау көрсетуден басқа, штаттан тыс жағдайларға бағытталған  көмек беруді жүзеге асырады. Бұл «тар орындардың» пайда болуын бақылауға, тапсырыс берушіні құрал-жабдықтар бойынша уақытылы жаңарту жұмыстарының жүргізілмегендігіне байланысты туындауы мүмкін проблемалар жайлы алдын ала хабардар етуге және оларды шешу мүмкіндіктерін қарастыру.  

 

Компания қызметінің негізгі бағыттары

Телекоммуникациялар

  •  Телефон байланысы қызметтері
  •  Интернет желісіне қол жеткізу
  •  Бөлінген мөлдір арналар
  •  Виртуалды IP-VPN жеке желілері
  •  Спутниктік байланыс қызметтері
  •  Транкингтік байланыс қызметтері
  •  Интеллектуалдық мультимедиялық қызметтер
  •  ДӨО жабдықтарды орналастыру
  •  Клиент басқаратын әмбебап қызметтерін құру
  •  Телекоммуникациялық жабдықтарды жеткізу, монтаждау және орнату

 

Техникалық қызмет көрсету

  •  Корпоративтік және ведомстволық желілерге техникалық қызмет көрсету және қолдау
  • Техникалық жай-күйді жедел бақылау
  •  Жоспарлық-профилактикалық қызмет көрсету
  •  Күзет-ескерту жұмыстары
  •  Сервистік жұмыстар
  •  Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары

Жүйелік интеграция

  •  Желілік жобалар: қазіргі заманғы бизнестің барлық талаптарына сәкес кез-келген күрделі желілік инфрақұрылымды құру
  •  Бейнеконференция байланыс жүйесі
  •  Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  •  Телефон жүйесі
  •  Жоғары өнімді есептеу кешендері (серверлер, серверлік кешендер, кластерлік шешімдер)
  • Резервтік көшіру жүйелерін іске асыру және құрылымдалған жүйелер ақпаратын сақтау
  •  Бейнебақылау және қол жеткізуді бақылау
  •  Үздіксіз электрмен қоректендіру және кепілдік беру жүйелері
  •  Құрылымдалған кәбілді жүйелерді жобалау
  •  Телеком және АТ-инфрақұрылымын құру

 

Клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапа стандарттарын қолдай отырып, телекоммуникациялық технологиялардың даму деңгейін арттырып  және техникалық мүмкіндіктерін кеңейте отырып, Компания жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда, біздің компания лайықты инфрақұрылымды, білікті мамандар штаты және тәуір клиенттік базасы бар өзара ірі инфокоммуникациялық компаниялар қатарында.  

  • TIER 3 деңгейіндегі 2 ДӨО
  • Шетелдік операторлармен 14 түйістің болуы
  • 5 спутниктік HUB
  • 332 спутниктік станция
  • 445 қатысу нүктелері, оның 120 –ы байланыс тораптары (БТ)
  • 3 142 бизнес-клиенттер
  • ~7 000 км. меншік талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ)
  • Телекоммуникация нарығында 16 жыл
  • Құралдар мен байланыс жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуінде 47 жылдық тәжірибесі бар
  • Білікті мамандар саны 1 148