Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
+7(727)237-77-77
info@kaztranscom.kz
Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
 конфигуратор

 Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық саласындағы саясат

 

«KazTransCom» АҚ, телекоммуникациялық қызмет көрсету саласында өз қызметін жүзеге асыра отырып, халықаралық, мемлекеттік, жергілікті, корпоративтік заңнамалық актілерге сәйкес кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық саласында мониторинг және тәуекелдерді бақылауды өткізуді ойластырып отыр. OHSAS 18001:1999 кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты басқару жүйесі Ерекшелігінің талаптарына сәйкес біз жұмыс істейтін жұмыскерлерімізге, «KazTransCom» АҚ-ның бизнеcі бойынша серіктестеріне еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын жасауға ұмтыламыз.

«KazTransCom» АҚ кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық саласындағы саясатының басты мақсаттары мыналар:

  • «KazTransCom» АҚ кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық саласындағы тәуекелдерінің сипаты мен ауқымына сәйкестендіру мақсатында ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралардың, кәсіби аурулардың алдын алудың кешенін әзірлеу мен жүзеге асыру.
  • Әрбір учаскеде қауіп-қатерлер мен айқын тәуекелдерді жүйелі мониторингілеу және талдау.
  • Тәуекелдерді төмендету және қауіп-қатерлерді қысқарту бойынша тиімді шараларды орындау.
  • Түрлі учаскелерде талап етілетін әрекеттердің атқарылуын бақылау
  • Басшылар тарабынан талдау.
  • Жұмыскерлерді еңбектің қауіпсіз ұйымдастыру және қауіпсіз тәсілдеріне оқыту, прогресшіл халықаралық және отандық тәжірибені қолдану.
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық келісімдердің қолданылатын талаптарының, телекоммуникациялық компаниялардың кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық саласындағы қызметін реттейтін салалық және корпоративтік нормативтік талаптардың кешенді түрде сақталуын қамтамасыз ету.
  • Әрбір қызметкердің, сонымен қатар басқа мүдделес тараптардың назарына құқықтары мен міндеттіліктері, сонымен қатар Қоғам қабылдаған кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық саласындағы барлық өзгертулері туралы жеткізу.
  • Мүдделес тараптарды «KazTransCom» АҚ кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық саласындағы қызметі туралы хабардар ету.
  • Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін тұрақты түрде жақсарту

«KazTransCom» АҚ басшылары өздеріне кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық саласындағы саясатын іске асыру үшін жауаптылық алады, мақсаттарын бұлжытпай орындауға ұмтылады және «KazTransCom» АҚ күллі жұмыскерлерін осыған шақырады.

«KazTransCom» АҚ 27.10.2004 ж. № 46-П бұйрығымен бекітілген.