Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
+7(727)237-77-77
info@kaztranscom.kz
Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
 конфигуратор

 Алкогольге немесе есірткілік құралдарға салынудан сақтандыру бойынша саясат

 

«KazTransCom» ААҚ-ның алкоголь және есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу саясаты «KazTransCom» ААҚ жұмыс істейтін жұмыскерлері, бизнес бойынша серіктестіктері үшін кауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасауға талпынады және кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық саласында мүмкін болатын кез келген тәуекелді жою немесе қысқарту мониторингісін өткізеді.

«KazTransCom» ААҚ кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты басқару саласы жүйесінде алкоголь мен есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу бойынша төмендегідей саясатты жүргізеді:

  • Дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты принциптерін бекітуге, қызметкерлерінің өз денсаулығына жаңа көзқарасын қалыптастыру;
  • Нашақорлық пен маскүнемдік есірткі заттары мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтарға профилактика шарасы, есірткіге қарсы, маскүнемдікке қарсы бағытталған және есірткіге қарсы маскүнемдікке қарсы қызметті қолдау басымдыққа ие болады;
  • Алкоголь мен есірткі құралдарынын тигізетін зиянына бағыт алған қоғамдық денсаулық сақтау саясаты туралы жұмыскердің білімін көтеру, бұл саясатты қолдауды күшейту;
  • Қазақстан Рсспубликасының заңнамасына сәйкес жұмыс орнында алкоголь ішімдіктерін ішуге жол бермеу.

«KazTransCom» ААҚ аумағында жұмысты орындау кезінде, адамдардың бәріне, есірткі заттары мен алкоголь өнімін сатып алуға, сақтауға, пайдалануға, таратуға қатаң тыйым салынады. Аталған тыйым салу дәрігер тағайындаған және рецепт бойынша сатып алынған және жұмыскердің жұмыс сапасына немесе оның өзінің лауазымдық кызметін орындау қабілеттігіне әсер етпейтін дәрі-дәрмекке колданылмайды.

«KazTransCom» АҚ қызметтік автокөлігінің жүргізушілері рейске шығар алдында компания ұйымдастыратын медициналық тексеруден өтуге міндетті. Жүргізушілерді жұмысқа рұқсат ету наркологиялық (алкоголь) бақылауын жүргізуге құқығы бар тұлға арқылы аталған қызметті жүргізгеннен кейін жүзеге асады.

Жұмыскерден мас болу (улану, алкоголь, есірткі қабылдау) белгілері білінсе, оның жұмыс қызметі дереу тоқтатылуы тиіс және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ол мемлекеттік медициналык мекемеге медициналық тексеруге жіберілуі қажет, онда медициналық көмек көрсетілумен қатар оның мастығы тексеріледі. Нәтиже күткендегідей болып шықса, оны жұмыстан шығаруға дейінгі қатаң тәртіптік шара қолданылады.

Аталған саясат Қоғамның жұмыскерлеріне және бизнес бойынша серіктестеріне ақпарат беру мақсатында хабарланады.

«KazTransCom» ААҚ 02.06.2005 ж. № 124-П Бұйрығымен бекітілген.