Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
+7(727)237-77-77
info@kaztranscom.kz
Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
 конфигуратор

Абоненттік қызмет көрсету саясаты

 

«KazTransCom» АҚ телекоммуникация қызметтері саласында өз іс-әрекеттерін жүргізе отырып, клиенттерінің сұраныстарын барынша көп қанағаттандыруға, олардың толық сенімдеріне ие болуға және сақтауға, оларға жаңа технология негізінде сапалық қызметі көрсетуге және бизнес-процестерін анық ұйымдастыруға тырысады.

Абоненттік қызмет көрсету саясатының негізгі мақсаттары:

  • «Клиенттер үшін барынша көп жағдай жасау» ұстанымы бойынша әр клиентке сапалы қызмет көрсету.
  • Клиенттің әрбір сұраныстарын жауапсыз және назарсыз қалдырмау.
  • Қоғамның мүддесін ескере отырып, клиенттер үшін сауатты, ұқыпты, жоғары сапалы қызмет көрсетуге жеткізу.
  • Клиенттердің әділ шағымдарын қабылдай отырып, Қоғамның басқа құрылымдарының назарын «жеке дара және күрделі орындарына» аудара отырып, клиенттердің наразылығын тудырған кемшіліктердің себебін жою үшін тиімді шараларды қолдану.
  • Қоғамның түрлі құрылымдық бөлімшелерімен өзара анық әрекеттену: клиенттердің мүддесіне қайшы болатын құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарының сәйкессіздігін жою және келешекте ондай сәйкессіздікті болдырмау жөніндегі шараларды қолдану.
  • Клиенттерге барлық байланыс арналары арқылы тек анық және толық мәлімет беру.
  • Клиенттердің кез келген мәселесін ең қысқа уақытта шешу.
  • Абоненттік қызмет көрсетуде клиенттердің сұраныстарын зерттеу және тіпті қиын жағдайларда да ұтымды шешімдерді табу, түсіну және клиенттердің қойған және күтіп жатқан талаптарына сай болу.
  • Абоненттік қызмет көрсету сапасына жағымсыз әсер тигізетін мәселелерді табу және оның алдын алу жөніндегі жұмыстарды мақсатты түрде жүргізу.
  • Іскерлік мәдениетті және атқарушы тәртіпті жоғары деңгейде ұстау, қызметкерлердің клиенттерге ұқыпты және тілектестік қарым-қатынасын әдетке айналдыру.

Саясаттың жүзеге асуы мен оның мақсатына жетуі келесі талаптарды орындау арқылы қамтамасыз етіледі:

  • Клиенттер туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау процестерінің автоматтандырылуы, бірыңғай ақпараттық кеңістігін ұйымдастыруы (Billing, CRM).
  • Клиенттер сұраныстары ағынын басқаруы және барлық сұраныстарының статистикалық мәліметтері бойынша сараптамалық жұмыстарын өткізуі.
  • Бизнес-процестерін тиімді басқаруы, оларды оңтайландыру және үнемі жетілдіру негізінде.
  • Клиенттерге қызмет көрсету прцестерінің циклдарын қысқарту.
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынастың оперативті әрекеттенуін жасау.
  • Қоғам қызметкерлерінің таңдауына жүйелі қарауын және кәсіби дағдыларын дамыту негізінде, қызметкерлердің біліктілігіне тікелей байланысты клиенттерге қызмет көрсету деңгейін үнемі көтеру.
  • Клиенттерге қызмет көрсету Орталығы (Front-office) және телефондық қызметінің орталығы (Call-center) арқылы Қоғамның клиенттерге қызмет көрсетуінің бірыңғай корпорациялық стилін ұйымдастыру.
  • Клиенттермен қосымша байланыс арна ретінде web-сайт www.kaztranscom.kz мүмкіншілігін пайдалану.
  • Қоғамның Абоненттік бөлімінің әрбір қызметкерінің клиенттер алдында абоненттік қызмет көрсетудің сапасына жекелей жауапкершілігі.
  • Клиенттердің пікірлерімен келіспеушілік туған жағдайда, әдепті түрде дәлелді ар мен дәлелдемелерді пайдалану.