Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
+7(727)237-77-77
info@kaztranscom.kz
Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
 конфигуратор

Компанияны құру тарихы

 

1993 жылы акционерленіп, «Каспий Мунай Байланыс» (ААҚ) Ашық Акционерлік Қоғам  болып аты өзгертілген, Мемлекеттік Каспий маңы өндірістік-техникалық  байланыс басқармасының негізінде «KazTransCom» Акционерлік қоғамы  құрылды.
 
2001 жылдың  наурыз айында «Каспий Мунай Байланыс» ААҚ және «Актюбнефтьсвязь» ААҚ  біріктірілді.  Қайта ұйымдастырылған кәсіпорын  «КазТрансСвязь» ААҚ атауын алды.  Сол жылдың жаз айында «Байланыс» ААҚ және «КазТрансСвязь» ААҚ арасында бірлесу жөнінде келісім шартқа қол қойылды, және бұл жағдай жоғарғы деңгейлі капиталдану, табыстық және инвестициялық тартымдылығы бар қуатты институт құруға мүмкіндік берді. Қосылу нәтижесінде құрылған компания «KazTransCom» ААҚ атауына өзгертілді.
 
2003 ж. 13 мамыр айында «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңын қабылдануына байланысты, бұрын әрекеттегі Қазақстан Республикасының 10 шілде 1998 жылғы № 281-I «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы күшін жойды және «KazTransCom» ААҚ  «KazTransCom» АҚ болып атуын өзгертті.