Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
+7(727)237-77-77
info@kaztranscom.kz
Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
 конфигуратор

«KAZTRANSCOM» АҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

 

  1. Кіріспе.

«KazTransCom» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясаты «KazTransCom» АҚ-да (бұдан әрі Қоғам) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын орнатады, Қоғамның және оның басшылығының жоғары этикалық стандарттарға және бизнесті ашық әрі адал жүргізу қағидаттарына берілгендіктерін, сондай-ақ корпоративтік мәдениетті жетілдіруге, корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін ұстануға және Қоғамның іскерлік беделін тиісті деңгейде ұстап тұруға талпынысын көрсетеді.

 

Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясат (бұдан әрі – «Саясат») «KazTransCom» АҚ-ның (бұдан әрі – «Қоғам») Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық бұзуларды ескертуге, анықтауға және алдын алуға және Қазақстан Республикасының қолданылатын сыбайлас жемқорлық заңнамасы және алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе нормаларын сақтауға бағытталған негізгі қағидаттар мен талаптарды айқындайтын базалық құжаты болып табылады.

 

1.2. Құжатты мақсаттық пайдаланушы.

Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты Қоғамның барлық жұмысшыларының сақтауына арналған.

Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты Компанияның контрагенттеріне және өкілдеріне, сондай-ақ тиісті ережелер олармен жасалған шарттарда және өзге құжаттарда бекітілген жағдайларда өзге тұлғаларға таралады.

 

  1. Негізгі түсініктер.

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік функцияларды орындайтын тұлғалардың және оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдаланумен жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игілікті және артықшылықтарды қабылдауы, не болмаса олардың мүліктік игілікті алу үшін өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, сол сияқты жеке және заңды тұлғалардың аталмыш игіліктер мен артықшылықтарды заңға қарсы ұсынуы жолымен аталмыш тұлғаларды параға сатып алу.

 

  1. Жалпы ережелер.

3.1. Құжатты әзірлеу мақсаты.

 

Компанияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мақсаты Қоғам қызметкерлерінің, акционерлердің, инвестициялық қоғамдастықтың, контрагенттердің, басқару органдарының сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігімен сипатталатын сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен шарттарды ескерту, жою (барынша азайту), сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша жан-жақты әрі ретті шараларды әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.

 

3.2. Қоғамның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мақсаты мен міндеттері.

3.2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты – Қоғам қызметкерлерінің, акционерлердің, инвестициялық қоғамдастықтың, контрагенттердің, басқару органдарының сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігімен сипатталатын сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен шарттарды ескерту, жою (барынша азайту), сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша жан-жақты әрі ретті шараларды әзірлеу және жүзеге асыру.

3.2.3. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының міндеттері:

– акционерлерде, инвестициялық қоғамдастықта, контрагенттерде, басқару органдарында, қызметкерлерде кез келген нысандағы және көріністердегі сыйбайлас жемқорлықты қабылдамау туралы Қоғам ұстанымын біркелкі түсінуін қалыптастыру;

– Қоғамды, Директорлар кеңесі мүшелерін, Басқарма Төрағасын, Басқарма мүшелерін және Компания қызметкерлерін, лауазымына қарамастан, сыбайлас жемқорлық әрекетіне тарту тәуекелін барынша азайту;

– сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту және сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету;

– сыбайлас жемқорлық көріністер келтірген зиянның орнын толтыру;

– сыбайлас жемқорлық саясат шараларының тиімділікке сәйкестігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы корпоративтік сананы қалыптастыру;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат субъектілерін парамен сатып алуға кедергі жасайтын құқықтық механизм құру;

– Қоғам қызметкерлерінің осы Саясат қағидаттары мен талаптарын, қолданылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормаларын  білу және сақтауды орнату;

– Компаниядағы лауазымдарға параға сатылмайтын адамдардың орналасуына ынталандыру жасау.

3.2.4. Компаниядағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қағидаттарына:

3.2.5. Компанияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының құқықтық негізі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың құқықтық негізін:

- халықаралық-құқықтық нормалар;

– Қазақстан Республикасының Конституциясы;

– «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-I Заңы;

– Компания Жарғысы, жергілікті құқықтық актілер және Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзге ұйымдастыру-өкім ету құжаттары құрайды.

 

  1. Жауапкершілік

4.1. Қоғам Қазақстан Республикасы заңнамасында жол берілетін шеңберде әрбір сыбайлас жемқорлыққа негізделген күдік немесе анықталған дерек бойынша қызметтік тексерістер жүргізуге құқылы.

4.2. Басқарма Төрағасы, Басқарма мүшелері, Департамент қызметкерлері және Қоғамның және еншілес компаниялардың барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмысшылары, лауазымдарына қарамастан, Қоғамның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қағидаттарын сақтау үшін, сондай-ақ осы қағидаттарды бұзушы оларға бағынышты тұлғалардың әрекеті (әрекетсіздігі) үшін жауапкершілік алады.

4.3. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністер үшін жауапкершілік шараларына жататындар: Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілік шаралары, Қоғамның құқықтық актілеріне сәйкес корпоративтік әсер ету шаралары.

4.4. Бас директордың Бұйрығына сәйкес Қоғамда құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет ықтимал жағдайларды тергеуді жүргізеді және мына функцияларды жүзеге асырады:

 

 

 

  1. Өзгертулер енгізу

Қоғамның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жеткілікті түрде тиімді ережелерін жоқтығын анықтаған кезде не Қазақстан Республикасының қолданылатын заңнамасы талаптары өзгерген кезде, Қоғамның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын өзектендіру бойынша Қоғам іс-қимыл жоспарын дайындауды және жүзеге асыруды ұйымдастырады.