Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
+7(727)237-77-77
info@kaztranscom.kz
Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
 конфигуратор

«KazTransCom» АҚ әлеуметтік саясаты

 

«KazTransCom» Акционерлік Қоғамы – Қазақстан Республикасы территорясындағы телекоммуникациялық қызмет көрсетулердің және  ақпараттық технологиялар саласында қызметтердің кең спектрін ұсынуға мамандандырылған ірі байланыс операторларының бірі. Өз қызметінде компания экономикалық және әлеуметтік құрамдас бөлігіне назар аудара отырып, өз бизнесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады.

 «KazransCom» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қоғам Жарғысын және  келесідей негізгі принциптерді басшылыққа ала отырып, әлеуметтік жобаларды және бағдарламаларды іске асыруда.  

Әлеуметтік жобалар және бағдарламаларға, лайықты еңбек жағдайларын қолдауға, қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқатын, қоршаған ортаны қорғауға, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған.

   «KazransCom» АҚ басшылығы өзінің әрбір қызметкерінің алдындағы жауапкершілікті сезінеді және тек қана тұтас, жан-жақты дамыған адам  ғана біздің компанияға, сондай-ақ т бүкіл қоғамға өз пайдасын әкеле алатынын түсінеді.

Компаниядағы қызметкерлерді әлеуметтік қолдау Директорлар Кеңесі бекітетін Ережеге сай анықталады. Ереже өз қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын,  18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар қызметкерлерге материалды жәрдемақы  ретінде көмек көрсетуді, тыл еңбеккерлеріне материалдық көмек көрсетуді, теңестірілген ҰОС ардагерлеріне және Ауғаныстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына, жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандардың, студент-практиканттардың т.б. тағылымдамадан өтуін  көздейді.

Компания қызметкерлерінің балалары үшін жыл сайын іс-шаралар ұйымдастырады: жарыстар, жазғы демалыс кезеңіндегі демалыс, ертеңгіліктер. Компанияның корпоративтік рухын қолдау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады: тауға шығу, концерттер, қветтер, ұтыс ойындары.

«KazTransCom» АҚ Демеушілік және қайырымдылық қызметі рухани және ұлттық құндылықтарды насихаттау, көмек көрсету Саясатына сәйкес демеушілік жәрдемге бағытталған.

Әлеуметтік аспектілерге тікелей әсер ететін, маңыздылығы басқасынан кем түспейтін факторлардың бірі, экология және еңбекті қорғау нормалары мен талаптарын сақтау. «KazTransCom» АҚ Экологиялық саясат төңірегінде, өндірістік қызмет процесінде туындайтын  қоршаған ортаға әсер ететін жағымсыз аспектілерге, мемлекеттік, халықаралық, жергілікті, корпоративтік заңнамалық актілеріне сай  мониторинг және бақылау жүргізеді.

Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық Саясатына сәйкес, біз жұмыс істейтін персоналдың, клиенттердің, «KazTransCom» АҚ ықпал ету аймағында тұратын жергілікті тұрғындардың және бизнес жөніндегі серіктестердің денсаулығын қорғауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үнемі ұмтыламыз.

Компанияның жеткізушілер мен мердігерлерді таңдау кезіндегі негізгі өлшемдерінің ішіне, "KazTransCom" АҚ қосалқы мердігерлеріне және мердігерлерге қойылатын, оның ішінде балалар еңбегін пайдалануды есептемегенде, бекітілген техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес анықталатын, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласында саясатты жүргізу кіреді .  

Компания тұрақты есеп жолымен әлеуметтік қызмет бойынша ақпаратты ашу шараларын және тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізеді.

Осылайша «KazTransCom» АҚ компания қызметкерлерінің, ел азаматтарының және тұтастай алғанда қоғамның әл-ауқатына бағытталған. .

Компания ниеттері мен іс-әрекеттерінің ашықтығы мен жариялылығы саясатын ұстанады және нәтижелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында өз қызметіне тиісті ақпаратты Қазақстан Қор Биржасының (KASE)  сайтында және "Communicator" ішкі порталында жариялайды.