Ваш регион - Алматы?
Да    
+7(727)237-77-77
info@kaztranscom.kz
Ваш регион - Алматы?
Да    
 конфигуратор

KazTransCom компаниясының футбол командасы №2 балалар үйінің балаларымен достық матчта кездесті. 20.09.2016


Сарғая түскен  жапырақтар аяқтың астында төгіліп жатқан мезгілде, салқын самал үрлеп қыстың жақындап қалғанын білдіреді.   Осы сәтте «Жазғы мезгілдің жоспарын толықтай орындай алдық па?» деген ой кез-келгенді мазалайды.   Бірі сарыуайымға салынып, түкке үлгермей қалғанына өкінер болса, екіншісі күздің әр атқан таңына қуанып, «табиғаттың сыйы» деп қабылдайды. Біздің де жоспарымыз сарқылар емес. Жексеңбі күні қала күнін атап өтетін мерекемен  қатар келген футбол ойыны сол жоспарларымыздың тізіміне еңгізілген болатын.   № 2 балалар үйінің тәрбиесіндегі балаларға кіші-гірім көңіл аудару – көп мақсаттарымыздың бірі. 

Әрине, сарыуайымға салынар уақытымыз жоқ. Балаларға арналған сыйлықтарымыз жаз мезгілінде алынып қойылғанмен,  футболшылар компаниясы мен жанкүйерлер мұқият дайындалды… алғашқы тәжірибеден байқалғандай-ақ, балалар үйінің атынан ойнаған жігіттер нағыз футболшылар болып шықты. 

Осы жолы біздің компания футболшыларға нағыз футбол добы мен футболшыларға арналған киімдер  сыйлады. Мінекей,  құрама команда  деп осыны айт. 

Таң атқалы балалар үйінде мерекелік дайындықтар мен көтеріңкі көңіл күй  орын алды. Балалар жаттығып, аппаратураны әзірлеп, жергілікті «футбол жұлдыздарына »  кеңестерін беріп жатты. Ал кішкентайлары ортақ көңіл күйге беріліп, доп қуып аласұрып жүгірді.    Алғашқы ойынға қарағанда  екі команданың да жанкүйерлер саны көбейген

«Корпоративтік тәлімгерлік»  жобасындағы барлық іс шараға әркім өз еркімен қатысады, Сондықтан, ата-ана қайырымынан айырылған балалармен қарым-қатынас жасау үшін бір қадам алға басқан әр қызметкерді  біз қуана қатарымызға қосамыз.  

Іс шара салтанатты түрде өтті. Сапқа тұрып,  Олимпиялық алау жағылды. Әнұран шырқалып,    жанкүйерлер тобы Флешмоб биімен қарсы алады. Ал ең қызықтысы, ойынның өзі. Шабыттана кіріскен белсеңді ойын өте қызықты өтті, біздің компания ойыншылары жасөспірімдерді қағып кетпес үшін  ептілік танытуға тиіс болғаны тағы бар.

Осы сәтте футбол торының арғы жағында  орналасқан сәкідегі орынға талас болып жатты. Жиналғандар әңгіме дүкен құрып, ғаламдық мәселелерден бастап, шаш пен қас түстеріне дейінгі тақырыптарды қозғады. Аяқ асты   волейбол ойыны да басталды (волейбол добы жарылғанша ойнадық).

Ойын тамаша өтті!  Ашық айтқанда  J баға берілді,  жанкүйерлердің  «KazTransCom!» айғайы мен «Біздікілер» деген ұрандар еш басылмады. Осыдан кейін басты сыйлық ұсынылды…

Біздің футбол командамыздың капитаны    Ержан Мусиров барлық ойыншыға алғыс білдіріп, Коммерция бойынша Бас директор орынбасары    Айсулу Алибаеваға сөз берді:

— Жігіттер, жарайсыңдар! Ашығын айтқанда, алғашында өз әріптестерімізге жанкүйер болуға ыңғайсызданып, жалтақтап тұр ек.  … алайда, сендер, бәсекелес болуға тұрарлық азамат екенсіңденр!   Сіздермен жолығып, достық ойынына қатысуға мүмкіндік туғанына мың да бір алғыс.   Бізге өте ұнады. Мына формаларды  ұсына отырып, сіздерге пайдасы тиер деп үміттенеміз.    

Балалар пакеттерді ашуға қысылып, полиэтеленнің сыртынан ішіндегісін анықтауға тырысып жатқандары байқалды. Сонымен қоса, жасөспірімдер жаңа  футбол  добын әбден зерттеді,  ойын барысында тырналған жерлерін санап, саусақтарымен көрсетіп тұрған.

Кешке бейнежазулар мен фотосуреттерді қайта қарап отырып, бойымыз жеңілдеп, жан рахатын алғанымызды түсіндік. Ашығын айтқанда, біз олардың көңілдерін көтергеннен гөрі, олар бізге мерекелік көңіл күй сыйлағандары айдан анық. Бұл пікірімді бәрі қолдайтын шығар, тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандары жарым балапандар жұректерімізге мейірім толтырды.    Алғашқы кездесулермен салыстырғанда балалар бізге бауыр басып қалғаны байқалады. Біздің жанымызда қысылмай, өздерін еркін ұстай бастады.  Өздері әңгіме бастап, ұялса да ашық «бізге тағы келесіздер ме?» деген сұрақтар қоятын болды.

— Ойыншыларға формаларды  ұсынып жатқан сәтте қақпадағы балақай достарының қолдарындағы пакеттерге қарап, күлімдеп тұрған, Ержан «Ал мына форма - қақпашыға» деген сәтте, жүзі жадырап, езуі жиылмай қалды. Міне, дәл осы сәтте, күтпеген жерден сыйлыққа ие болып, балақай өз бақытын жасыра алмады, - дейді Вероника  Э.     (Алаңнан тыс шығып кеткен доп Верониканың басына тиген   ), - тіпті басым ауырғанына қарамастан , бүгінгі күнім бекер өтпегеніне қуанамын.  Осындай мейірімді істер жалғаса берсін.