Ваш регион - Алматы?
Да    
+7(727)237-77-77
info@kaztranscom.kz
Ваш регион - Алматы?
Да    
 конфигуратор

Қысқа шылбырда 09.07.2015


Тиянақты байланыс енді абоненттерді қызықтырмайды

Ұялы операторлардың қызметтері біртіндеп дәстүпрлі тиянақты байланысты ығыстырып келеді. Дәстүрлі форматтағы байланыстың төмен қолданушылығы мен бәсекелес технологиялардың күшеюі тиянақты байланыс болашағына жарқын болжамдар жасауға мүмкіндік бермейді. Біріншіден, ұялы байланыс пен тиянақты байланыс абоненттерінің арасындағы үлкен сан айырмашылығы туралы ресми статистика, сонымен қатар жалпы бейнеде олардың санының азаюы күдікті күшейте түседі.

Әлсіз пациент                                                               

Ұялы және тиянақты байланыс абоненттерінің саны азайып келе жатқанын атап өтуіміз керек. 2012 жыл стационарлық, сонымен қатар ұялы байланысты тұтынудың шарықтау шегі болды, содан кейін біртіндеп төмендей бастады. Сарапшылар жағдайды «қалыпты» деп атайды, себебі мұндай тренд әлемдік барлық телеком нарығының дамуына сәйкес келеді және жылдан жылға ұялы байланыс қызметіне қол жетімдіктің таралу үлесінің артуын куәландырады.

«Тұтастай тиянақты телефон нарығы байланыс операторлары үшін шығынды болып табылады. Нарық көлемінің төмендеуі дәстүрлі желілерде қалааралық/халықаралық байланыстарды тұтыну қызметі көлемінің қысқаруына, сонымен қатар тараптардан ұялы және  SIP –телефония белсенді таралуына байланысты. Сонымен қатар бұл факт байланыс операторларының алыс шетел мен Қазақстан бойынша қоңырауларға лимитсіз жинақтарды жаппай таратуына байланысты, - деп атап өтті «Қазақтелеком».

ҚР ҰЭК комитетінің 2014 жылғы деректеріне сәйкес, ұялы байланыс қызметінің үлесі байланыс қызметтері нарығының жалпы үлесінен 41,3 пайызды құраған, ал тиянақты байланыс қызметінің үлесіне аздаған 24,7 пайыз келеді.

Егер, iKS-Consulting телекоммуникация нарығы бойынша есебін назарға алсақ, ҚР байланыс нарығының көлемі былтырғы жыл үшін 6 пайыз өсіммен 6,3 млрд теңгені құрады. Байланыс сегментінде түсімнің өсуінің ең жоғарғы екпінін операторлар қызметі (16%) көрсетті. ақылы ТД (15,4%) және ұялы байланыс (5,3%). Осы көрсеткіштердің бейнесінде тиянақты байланыс кері динамикаға ие (-4,5% за былтырғы жыл үшін). Қазақстандағы iKS-Consulting халықаралық консалтинг агенттігі өкілдігінің басшысы Светлана Черненконың пікірінше, кабельді желілер жоғары қолданысты шектеулермен сипатталады, көрсетілетін қызмет көлеміне қарамастан, тұрақты шығындардың үлесі үлкен. Қазіргі жағдайда тиянақты телефония табыстылығының қысқаруы операторлар үшін ауыр шығын болып табылады.

«SIP-телефония жаңа нақтылықты айқындайды – егер осы технология базасындағы қызметтер кабельді инфрақұрылымның өзіндік иесі болса, ол өзекті қызметтерді ұсыну есебінен клиенттерді сақтап қалудан да, шығын бөлігін оңтайландыру көзқарасынан да ұтады. Аталған қызметті жеткізуші тарап , желі иесінен паразит тәрізді, өмірлік күшін «сорып» алуға қабілетті. Дегенмен, тәуелсіз жеткізушілер – дәстүрлі операторлар күресуге тиіс кедергі емес. Олардың дамуы – технологиялық жетістіктің бейнелі нәтижесі. Инфрақұрылым иелеріне олармен белсенді бәсекелесуге немесе тиімді өзара сабақтасып үйренуі керек. Соңғысы, менің сенімімше, тиімдірек», - деп талқылады спикер.